Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін жарыс өтеді
29-31 наурыз аралығында Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде даңқты балуан, Алаш жұртының мақтанышы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін грек-рим күресінен республикалық турнир өтеді.
«Елі сүйген Елбасы» атты салтанатты жиын өтті
Қазалы ауданында ҚР Тұңғыш Президенті - Н.Ә. Назарбаевтың тарихи шешім қабылдауына және Елордамыздың атының өзгеруіне орай «Елі сүйген Елбасы» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Қызылорда қаласында өте нашар тұрғын үй жағдайындағы тұрып жатқан 150 отбасы анықталды.
Алматылықтар Нұр-Сұлтан атауын қолдады
Алматылық бастауыш партия ұйымдары Астананың Нұр-Сұлтан аталуын қолдады.Бұл туралы «Hur Otan» партиясының 200 жуық бастауыш партия ұйымдарының Форумына қатысушылар бірауыздан мәлімдеді. Сөз сөйлеушілер Нұрсұлтан Назарбаевтың Тұңғыш Президент, «Hur Otan» партиясының Төрағасы ретінде Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытқан айрықша еңбегі мен халықаралық деңгейдегі биік мәртебесі туралы ой қозғап, өз пікірлерін білдірді.
«Қаламқас» кен орнында авариялық жағдайға байланысты сынама алынды
«Қаламқас» кен орнында авариялық өртену төтенше жағдайына байланысты «Қазгидромет» РМК 2019 жылғы 26 наурызда кен орнының санитариялық-қорғау аймағының шекарасында атмосфералық ауадан және топырақтан, кен орны аймағындағы Каспий теңізінің суынан жоспардан тыс сынама алды, деп хабарлайдыЭнергетика министрлігінің Баспасөз қызметі.