Ғылым • 29 Наурыз, 2022
Академиктерді ардақтау астанада жалғасты
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім мен ғылым саласындағы тұлғаларға арналған конференция өтті. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Ұлттық ғылым академиясының академиктері Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенованың мерейтойларына арналды.
Білім • 29 Наурыз, 2022
ҰБТ-2022: Наурыздағы өзгерістер
Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері енді мектептердің жұмысын бағалауға қолданылады. Білім және ғылым министрлігі тестілеу қорытындылары негізінде мектептер, сондай-ақ пәндер бойынша талдау жасалатынын хабарлады.
Қоғам • 29 Наурыз, 2022
Зейнетақы жүйесін жаңғыртуда қандай өзгеріс жасалады?
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген Қазақстанның зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтыруларды мүдделі мемлекеттік органдар және тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ Президент жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары кеңес қарады. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2022
Балық өсіргеннің байлығы көл-көсір
Былтыр Үкіметтің қаулысымен балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілген болатын. Онда аталған жылдар аралығында қолдан өсірілген су маржандарының көлемін 270 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Ал өткен жылы Алматы облысында 6 мың тоннаға жуық тауарлы балық өсірілді.
Қаржы • 29 Наурыз, 2022
Аударымның дені долларға тиесілі
2022 жылдың қаңтарында ақша аударымы жүйесі арқылы Қазақстаннан жіберілген қаржы көлемі 45,6 млрд теңгені құрады. Бұл – 2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 16,3 пайызға аз. Транзакция саны 150 мыңнан 100,5 мыңға дейін азайған.