Таным • 29 Наурыз, 2021
Өткен ғасыр басында қазақ оқығандары, яғни алаш қайраткерлері ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың «Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Көңілін көгертуге құл халықтың» дегеніндей, бәрі дерлік қазақтың жоқшысы болды. «Әр халықтың дәстүр-салты мен әдет-ғұрпы үкімет заңынан биік тұруы тиіс» деп қытай ойшылдары айтқаны сияқты, өткен ғасыр басында ұлтты сақтап қалудың ең нәзік иірімдері оның дәстүрі екенін қазақ оқығандары ерте аңғарды. Сөйтіп олар жұртты бірлікке, татулыққа, берекеге үндейтін, екінші жақтан жер емшегін емген дихан қауымын еңбекке ынталандыратын «Наурыз мейрамын» тірілтуге атсалысты.
Руханият • 29 Наурыз, 2021
Елорда төрінде орналасқан Ұлттық академиялық кітапханада ұлт руханияты үшін бағалы туынды – ескі жазба тілінде (қадымша) осыдан жүз отыз жыл бұрын жарық көрген сұлтан Ахмет Кенесариннің «Насаб наме сұлтан Сыдық» атты кітабының қазіргі әріпке түсірілген аударма нұсқасының тұсауы кесілді. Бұл шараға, Парламент Мәжілісінің депутаттары және тарихшы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Коронавирус • 29 Наурыз, 2021
Коронавируспен жаппай күресу – парыз
Жер шарын қапсыра орап, адамзатты түгелдей дендеп алған коронавирус індетінен әлемде 123 млн-нан аса адам ауруға шалдығып, 2 млн 700 мыңнан астамы жер қойнауына берілді. Оған қоса індет әлем халықтарын орасан үрейге душар етіп, көптеген мемлекеттерді экономикалық дағдарысқа әкелді. Індетке қарсы барлық дерлік мемлекет қыруар қаражатын жұмсап келсе де, ғаламат опаттың беті қайтар емес. Жарияланған карантиндер де айтарлықтай нәтиже бермей келеді. Ал ғалымдардың болжамы бойынша, коронавирустың екпінді соққысы көктемде қайталанып, тіпті алдағы екі жыл бойы зардабы созылмалы болатын көрінеді. Жер шарын қапсыра орап, адамзатты түгелдей дендеп алған коронавирус індетінен әлемде 123 млн-нан аса адам ауруға шалдығып, 2 млн 700 мыңнан астамы жер қойнауына берілді. Оған қоса індет әлем халықтарын орасан үрейге душар етіп, көптеген мемлекеттерді экономикалық дағдарысқа әкелді. Індетке қарсы барлық дерлік мемлекет қыруар қаражатын жұмсап келсе де, ғаламат опаттың беті қайтар емес. Жарияланған карантиндер де айтарлықтай нәтиже бермей келеді. Ал ғалымдардың болжамы бойынша, коронавирустың екпінді соққысы көктемде қайталанып, тіпті алдағы екі жыл бойы зардабы созылмалы болатын көрінеді.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2021
Балқаш қаласында облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Балқаш медициналық орталығы» ЖШС арасындағы мемлекет-жекеменшік әріптестігі негізінде заманауи медициналық және технологиялық құрал-сайманмен жабдықталған оңалту орталығы ашылды.
Қоғам • 29 Наурыз, 2021
Бақылаусыз жүрген бала көп (Сол үшін былтыр 57 мың ата-ана жауапқа тартылды)
Сәт сайын түрленіп жатқан әлемде арманымызды сабақтап, алдағы күнге үмітімізді жалғайтын балалардың қауіпсіздігі мен амандығы қай ата-ананы болсын алаңдатады. Қолда барымызды сәбилеріміздің аузына тосып, оларды көзіміздің қарашығындай қорғағымыз келеді. Әр отбасының, ол аз десеңіз бүтін бір Отанымыздың мүддесі – осы. Өкінішке қарай, бәрі біз қалағандай бола бермейді. Кейде балалардың да құқығы бұзылып, ар-намысы аяқ астында тапталып жатады...