Саясат • 30 Наурыз, 2019
Мадрид қаласында қазақстан-испан стратегиялық әріптестіктің тереңдету перспективалары талқыланды
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және Испанияның Сыртқы істер жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Фернандо Валенсуэла 2019 жылғы 29 наурызда Мадридте өткен қазақстан-испан саяси консультациялары барысында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдетуге бет бұруды уағдаласты, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 30 Наурыз, 2019
Зейнетақы қоры 1 наурызға дейінгі көрсеткіштеріне шолу жасады
«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,49 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 115,8млн теңгеге өсті. Олардың ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,29 трлн теңгені құрады (жалпы соманың 97,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 204,9 млрд теңге (бүкіл жинақтың 2,2%) және ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңге болды (0,02%), деп хабарлайды зейнетақы қорының баспасөз қызметі.
Қазақстан • 30 Наурыз, 2019
ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды
Бұл туралы Ақорда сайты хабарлайды.
Қоғам • 30 Наурыз, 2019
Нұр-Сұлтанда ұландықтар жоғалған ұялы телефон мен ақшалы әмиянды иесіне қайтарды
29 наурыз кешкі сағат 20:00 шамасында Алматы ауданы Абылай хан көшесінің бойында Ұлттық ұландықтар қызмет барысында ер адамның ішінде құжаттармен қоса, 20 мың ақша, әрі «IPhone 7» маркалы ұялы телефон бар әмиянды тауып алған, - деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2019
Ақтөбелік шекарашылар Ресейден жалған төлқұжатпен оралған Қазақстандықты ұстады
Ақтөбе шекара отрядының «Жайсаң авто» бөлімшесінде шекара наряды елімізге жалған төлқұжатпен кірмекші болған азаматты ұстады, - деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі