Қазақстан • 29 Наурыз, 2022
Салық есептілігі: PUSH-хабарламалар жіберілуде
2022 жылғы 28 ақпаннан бастап Kaspi банк клиенттеріне белгіленген мерзімде салық есептілігін табыс ету қажеттілігі туралы PUSH-хабарламалары жіберілуде. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2022
E-HR жүйесі арқылы 4,4 млн еңбек шарты тіркелді
2022 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (E-HR жүйесі) 4,39 млн еңбек шарты тіркелді, ал жүйенің өзіне 268 мыңнан астам жұмыс беруші қосылды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Өнер • 29 Наурыз, 2022
Түркістанда қазақ халқының құнды этнографиялық мұраларын насихаттау мақсатында «Бабадан қалған бар мұра» тақырыбында көшпелі көрме көпшілікке ұсынылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан жасақталған 80-нен аса жәдігер қойылған көрмені «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ұйымдастырып отыр.
Қоғам • 29 Наурыз, 2022
«Скандинавиялық серуен» – сергектік кепілі
Маужыраған Алтайдың ауылы. Мал жайғап, от жағар уақытта жоғарғы жақтан «скандинавиялық серуенге» шығатындарды байқап жүрміз. Қала болса бірсәрі, ауылдық жердің күйкі тірлігі күйіп тұрған уақытта таяқ сүйреп серуендегені несі деп сөккің келеді. Таяқпен серуендеудің пайдасын ұқпаған соң шығар... Сөйтсек, «скандинавиялық серуенде» дене бұлшық етінің 90 пайызы қимылдап, қан айналымы дұрысталады екен.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2022
Коронавирус қаупін ұмытпаған абзал
Күн мен түнді теңестіріп, жарықтың үлесін ұлғайтқан жыл басы да келді. Барыс жылы екі жыл бойы елді үрей құшағында ұстаған індетті ысырғаны да, ұмыттырғаны да рас. Бірақ коронавирустан толық құтылдық па? Енді емін-еркін жүруге бола ма? Мерекелерден кейінгі эпидемиялық ахуал қандай?