Оқиға • 29 Наурыз, 2021
Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезеңдік бәсекесі өтіп жатыр. Бұл – пандемияға байланысты ұзақ үзілістен кейінгі көркем гимнастика бойынша алғашқы жарыстардың бірі.
Саясат • 29 Наурыз, 2021
Сот-сараптама қызметі: жоба және жоспар
Елімізде сот сараптамаларын жүргізудің қанатқақты жобасы іске қосылған. Оның басты мақсаты – сот-сараптама жүргізу мерзімін қысқарту, мемлекеттік сарапшылардың жүктемесін азайту, сондай-ақ жеке сот сараптамасы институтын дамыту. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді.
Саясат • 29 Наурыз, 2021
Денсаулық сақтау қызметінің сапасын бақылайды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы қаласына іссапары аясында қоғамдық мониторинг тобының жетекшісі Саида Таукеловамен кездесті. Жүздесуде Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қоғамдық бақылау және мониторинг» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2021
Тігін машинасын алып, табыс табуға кірісті
Ақтөбеде наурыз мерекесі қарсаңында атаулы әлеуметтік көмек алатын бірнеше отбасылардың қыз-келіншектеріне арналған «Менің кәсібім – отбасымның ырысы» жобасы қорытындыланды. Бұл жолы бір жыл бойы сынақтан сүрінбей өтіп, қолөнер мен тігіншіліктің қыр-сырын меңгерген 30 келіншек ұйымдастырушылар тарапынан 30 тігін машинасын сыйлыққа алды.
Қоғам • 29 Наурыз, 2021
Шектеулі мүмкіндікке – шектеусіз қамқорлық
Биыл облыс орталығында салынатын Мүгедек балалар мен ересектерді оңалтуға қызмет көрсететін өңірлік көпбейінді орталықтың арнайы жобасы әзірленген. Қала әкімдігінің мәліметінше, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп қолға алатын орталықта ерекше балалардың аналарына психологиялық кеңес кабинеттері, еңбек терапиясы, балаларға арналған бассейн жасалуы мүмкін.