Спорт • 29 Наурыз, 2022
Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мадияр Құрамысов сәуір айының екінші жартысында Моңғолияда өтетін Азия чемпионатында белдесетін балуандардың есімдерін атады.
Спорт • 29 Наурыз, 2022
Алғашқы айналымдарда қарсыластарын қапы қалдырған үш жерлесіміз де АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің бел ортасына жетпей сүрінді.
Спорт • 29 Наурыз, 2022
Жапондардың жұлдызы жарқырай жанды
Францияның Монпелье қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. «Зюд де Франс» кешенінде өткен байрақты бәсекеде әдеттегідей төрт жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Бұл жарыста Қазақстанның намысын жекелеген сайыста Михаил Шайдорин және спорттық биден Гауһар Наурызова мен Бойсангур Датиев жұбы қорғауы тиіс еді. Бірақ Шайдорин виза ала алмай елде қалып қойды. Сөйтіп, барша қазақ жанкүйерлері бишілеріміздің жолына үлкен үмітпен қарады.
Спорт • 29 Наурыз, 2022
Қазақстандықтың қарсыласы белгілі
Орта салмақта күш сынасатын қазақтың аса дарынды кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлына қазіргі кезде қарсылас табудың өзі оңайға соқпай тұр. Жыл басынан бері оның әлі де жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген екі бірдей көкжалмен қолғап түйістіретіні жайында біраз әңгіме айтылды. Алайда атақты Деметриус Андраде салмағын ауыстырса, күш-қуаты бойына сыймай жүрген Хайме Мунгия қандасымызбен жекпе-жекке шығудан бас тартты.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2022
Digital Maman жоғары сынып оқушыларына арналған бағдарлама
Жуырда Алматыда Демо күні, цифрлы мамандықтар бойынша оқушылар өз жобаларын қорғау күні өтті. Digital Maman жобасының 40 финалисі қорытынды жұмыстарын ұсынып, бағалы сыйлықтарды сарапқа салды. Креативті ортада студенттер өз жобалары бойынша кері байланыс пен баға алып, тәжірибе алмасып, шақырылған спикерлерге сұрақтар қойды.