Банк • 02 Наурыз, 2017
"Халық банк" АҚ Қазкомның акциялар пакетін сатып алмақ
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және банк секторын қалыпқа келтіру мақсатында 2017 жылғы 2 наурызда ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ және оның ірі акционерлері, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ және «БТА Банк» АҚ арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі – Меморандум) қол қойылды.