Қазақстан • 29 Наурыз, 2021
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табысталды
Елімізде алғаш рет педагогтерге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы берілді. Мемлекет басшысының Жарлығымен 20-дан астам мұғалім білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапатқа ие болды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерге мемлекеттік награданы табыс етіп, оларға алғыс білдірді.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2021
Дәрілік заттардың жарнамасы препараттың тиімділігімен сәйкес болуы керек
Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасында тауарларды тиімді пайдалануға ықпал ететін толық және расталған мәліметтер болуы тиіс. Бұл ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын жүзеге асыру қағидалары туралы жаңартылған бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2021
Қазақстандық қыздарды Бахрейнге құлдыққа жіберген күдіктілер ұсталды
ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Бахрейнде сексуалды эксплуатация мақсатында қыздардың саудасымен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеу барысын айтты.
Қоғам • 29 Наурыз, 2021
Елімізде адам саудасына қатысты 133 қылмыстық іс тергеліп жатыр
Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов адам саудасына қатысты 133 қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 29 Наурыз, 2021
Алтайда қар барысы фототұзаққа ілінді
Жуықта Алтай тау сілемдеріне орнатылған фототұзақтың объективіне қар барысы ілінді. Сұлу жануар бұған дейін суретке 2014 жылдың қаңтарында түскен еді, деп хабарлайды Egemen.kz