Кино • 01 Наурыз, 2025
Қазақ киносының атасы Шәкен Аймановтың кино әлемінде тудырған шедеврлерінің бірі – «Тақиялы періште». Музыканың халық әні, классика, джаз сынды барлық жанр түрін қамтыған фильмді өнертану мамандары «қазақша мюзикл» деп те атап жүр. Бір қызығы, «Тақиялы періштеде» орындалатын әндердің көбі киноға арналып, арнайы жазылған. Ал сюжетіне өмірде болған шынайы оқиға арқау етілген.
Өндіріс • 01 Наурыз, 2025
Қаптама өндірісінің көшбасшысы
Көкшетаудағы полимерлік қаптама өндірумен айналысатын «Новопэк кәсіпорны 1 200-ден аса адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Өндірісте бастапқы полимерлік шикізат және сапалы шетелдік қоспалар пайдаланылады. Толық циклді өндіріс ошағы ретінде кез келген сусымалы жүкке арналған қаптардың бірнеше түрін өндіреді.
Логистика • 01 Наурыз, 2025
Транзиттің мүмкіндігі молайып келеді
Еуразия кеңістігінде транзиттік хабқа айналу бірегей мақсатымыз болып тұр. Соған орай теміржол саласында 1 300 шақырымды құрайтын 4 ірі инфрақұрылымдық жоба қолға алынған. Олар – Достық – Мойынты, Дарбаза – Мақтарал теміржол желілері, Аягөз – Бақты теміржол өткелі және Алматы айналма жобасы. Достық – Мойынты мен Алматы айналма жобасы биыл тәмамдалып, қолданысқа беріледі.
Қоғам • 01 Наурыз, 2025
Үндемей жүріп үлкен іс тындырғандар
Елдің елдігі, халықтың ауызбіршілігі мен қайырымдылығы табиғи апат кезінде бір сынға түсті. Бірнеше өңірді шарпыған былтырғы су тасқынында жүздеген мың адамның баспанасы, мал-мүлкі суға кетсе де, ел-жұрттың тастүйін бірлігінің арқасында күз басталғанға дейін шығынның орны қалпына келді. Төтенше оқиғаның салдарын жоюға ақтөбеліктер де бір үйдің баласындай жұмылды.
Саясат • 01 Наурыз, 2025
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) миссиясының басшысы Әли Джавад Әл-Эйдпен кездесті.