Білім • 01 Наурыз, 2025
Маңызы жойылмайтын мамандықтар
Қолынан іс келетін адамға еңбек нарығында әрдайым орын бар. Технология дамығанымен, адам қолының шеберлігі мен кәсібилігіне сұраныс ешқашан төмендеген емес. Әсіресе аспаздық пен тігін өндірісі – күнделікті өмірде аса қажет салалар. Бұл екі кәсіп қай заманда да маңызын жоғалтпайды, керісінше, уақыт өткен сайын жаңа деңгейге көтеріле бермек. Бұған Астанадағы Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжіне барғанымызда анық көз жеткіздік.
Мереке • 01 Наурыз, 2025
Біздің ел көктемнің алғашқы күнін алғыс айтудан бастайды. Қиын-қыстау заманда қолтығына сүйеу, көңіліне демеу болғаны үшін қазақ халқына түрлі этнос өкілдері ризашылығын білдіреді. Уақыт өте келе мерейлі мереке рухани сипат алып, адамдар ата-анасы, ұстаздары, достары секілді жақын-жуық жандарына алғыс айтатын болды. Қызық, бір-ақ ауыз сөздің көңілге көктем сыйлайтын қандай сиқыры бар? Расында бұл терең тақырып. Ендеше алғыс айту құбылысының пәлсапалық, психологиялық негіздеріне тоқталып, оның ұрпақ санасында жаңаша түрде қалай жаңғырғанын зерделеп көрейік.
Қоғам • 01 Наурыз, 2025
Тарих толқыны ең басты әрі маңызды құндылық халықтың бірлігі екенін әр кез дәлелдеп келеді. Қасиетті қазақ жерін татулық пен келісімнің талбесігі еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы бейбітшілікті нығайту ісінде айрықша рөл атқарады. Ұйым ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде құрылып, 30 жылда азаматтық қоғамның үздік сипаттамасын өзіне сіңіре білді. Бұл меже жүйелі түрде жүзеге асқан бастамаларымен тығыз байланысты.
Ән • 01 Наурыз, 2025
«Сүю деген бірге өлу деген сөз ғой, Ғашықтық деп өзгерткен кімдер оны?» Есенғали ақынның осы бір жыры үнемі есімде жүреді. Ал шынында сүю деген сөздің түп-төркініне жеткен жан аз ғой, аз. Өмір бойы көкейден кетпей жүрген осы сұрақтың жауабын мен, әрине, әннен, ән болғанда да халық әндерінен табам-ау деп ойламаппын.
Өнер • 01 Наурыз, 2025
Тіршіліктегі толассыз күрестердің ең үлкені – өмір үшін күрес. Аманат сапардың ақырғы нүктесіне алқынбай жетіп, өлімді қасқайып қарсы алам деу бекер. Сағатын шегерудің сәті болса, жұмыр басты пенде қолдағы барын беріп жан дәрмені қалғанша жанталасар еді. Бұл кепті сурет тілімен сөйлеткен Камиль Муллашевтің «Өмір үшін күрес» деп аталған трагедиялық туындысы сана-сезіміңді сілкілеп өтеді...