Аймақтар • 01 Наурыз, 2025
Тараз қаласындағы «Қазақ халқына мың алғыс» монументі 2020 жылы ашылды. Биіктігі 30 метрді құрайтын нысан алыстан менмұндалайды.
Мереке • 01 Наурыз, 2025
Көңіл терезесінен күн күлімдеп, көктемнің алғашқы күні есік қаққанда ару қыздай құлпырған гүл мезгілге ілесе жанымызға нәр, жүзімізге әр ұялата Алғыс айту мерекесі келеді. Дәл осы шаттықты күні татулық, тыныштық, бірлік, ынтымақ деген киелі ұғымдар тілімізге әлсін-әлсін үйіріліп, санамызға сәулесін төгеді. Алтай мен Атыраудың арасындағы сайын даланы ен жайлаған дарқан пейіл қазақ халқына арналған ақжарма тілектер көктен нұр болып құйылады.
Қазақстан • 01 Наурыз, 2025
Астанадағы «Қазақ еліне мың алғыс» монументі 2018 жылы бой көтерді. Сәулетті нысанды елорданың 20 жылдығына орай Қарағанды облысы тарту еткен-ді. Тарихи-мәдени маңызға ие ескерткіштің авторлары – сәулетші Серік Рүстембеков пен мүсінші Ренат Әбенов.
Экономика • 01 Наурыз, 2025
Экономикалық қуат немен өлшенеді?
Елдің экономикалық қуатын өлшейтін түрлі көрсеткіш бар. Бірақ бір қызығы әрқайсысы бір-біріне қарама-қарсы кеп жатады. Мақалада осы тақырыптың мазмұнын ашып көрсек. Мәселен, бауырлас ел Түркияны алайық. Әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің жиырмалығына кіреді (G20). Пандемия кезінде Түркияның экономикалық өсімі өте жоғары болды. Дегенмен түрік лирасы қатты құнсызданып жатыр. Инфляция деңгейі шарықтап кеткен. Соған қарамастан экономикасы күшейіп келеді. Бұл қалай?
Қоғам • 01 Наурыз, 2025
Уәлиханов ауданы Қызылжар өңірінің оңтүстігінде орналасқан. Аудан орталығы – Кішкенекөл ауылы. Аудан орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 шақырым жердегі Ақбұлақ ауылы тұрғындарының қазақ-орысы аралас. 2010 жылға дейін ауыл «Чехов» аталған, артынан тұрғындардың келісімімен осы мекеннің ежелгі қазақша атауы «Ақбұлақ» аты берілді.