Кен орнындағы өрт ауыздықталды
Дүйім жұрттың құлағын елең еткізіп, жанарын өзіне аударған кен орнындағы №8237 ұңғымадан шыққан алапат өрт екі-үш күн бой бермей аласұрып, 27 наурыз күні түнде тұмшаланды. Төтенше жағдайда әрекет ететін мамандар мен арнайы техникаларды топтастырып, көрші Атырау облысынан күш-көмек әкелінген оқиға аз әбігерге салған жоқ.
Әлеуметтік көмекті реттейтін заңдар қабылданды
Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар ұйымдастыру мәселелерімен қоса, үш заңды қабылдады. Сенаторлар бұған дейін Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған Дархан Сатыбалдының депутаттық өкілеттігін тоқтатуға байланысты дауыс беріп, қаулы қабылдады.
Ми-8 тікұшағының апатында қаза тапқан екі ақтөбелік отбасына барлық қажетті көмек беріледі
Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы қайғылы оқиға кезінде екі ақтөбелік тұрғын - майор Данияр Қоңырбай және ефрейтор Өмірхан Қауқаев қаза тапты.
Қызылорда облысының Жалағаш елді мекенінің тұсында болған авиациялық апаттың салдарынан 13 әскери қызметші көз жұмды. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 29 Наурыз, 2019
Антибиотиктерден келетін қауіп қандай?
Жыл сайын әлем бойынша дәрігерлер 154 миллион антибиотик жазып береді екен. АҚШ-тың Ауруларды емдеу және бақылау орталығының мәліметіне сүйенсек, соның 30 пайызы қажетсіз көрінеді. Антибиотиктерді осылайша шектен тыс көп пайдалану супер-бактериялардың пайда болуына әкеліп соғып, адамзатқа қауіп төндіреді.