Аймақтар • 29 Наурыз, 2021
Наурыз айының басында Көкпекті ауданында белгісіз біреу 74 жастағы зейнеткердің әмиянын қолды қылған, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 29 Наурыз, 2021
Петропавлда тіркелген қылмыс саны 23% азайған
Бұл туралы Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы полковник Жандос Мұқатов қала тұрғындарының алдында берген есебінде айтты. Кездесуге Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков, облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев, қалалық мәслихаттың депутаттары Арман Бердіғұлов, Кеңес Мұқышев және т.б. қатысты.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2021
Атырау облысының қаржы басқармасына жаңа басшы келді
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен бұл лауазымды Азамат Сәлімбаев атқаратын болды.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2021
Елордада қоғамдық көліктің жұмыс кестесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова карантиндік шектеулерді қатайту туралы жаңа қаулыға қол қойды. Құжат 30 наурыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2021
Қазақстандағы прозелитизм құбылысы немесе діни конверсия дегеніміз не?
Кеңестік одақ тарап, коммунистік идеология құрдымға кеткен соң саяси және мәдени, қоғамдық өмірде «рухани вакуум» пайда болғаны анық. Осы ретте кеңестік елдердің рухани кеңістігінде жаппай діни құндылықтар мен дәстүрге деген сұраныс артты. Қазақстан да өз кезегінде посткеңестік қауымдастықтың мүшесі ретінде бұл өзгерістерден тыс қалмады. Халықтың басым көпшілігі өз тұрмысы мен әлеуетін діни құндылықтармен бағамдап қана қоймай, дін халықтың өмірі мен салтына етене кіре бастады.