Алматыда 17-20 наурыз аралығында жоғары сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен Абай атындағы І республикалық олимпиада өтті. Алғашқы олимпиадаға 11 облыстан 77 дарынды оқушы қатысты. Айтулы оқиғаға ұйытқы болған Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернаты өңірлік іріктеу байқаулары арқылы ауылдағы таланттарға қолдау көрсетуде. Осы ретте аталған мектеп-интернат директоры Роза СЕКСЕНОВАМЕН әңгімелескен едік.
Заңсыз тауар тасымалдаған қазақстандықтар ұсталды
Кеше түнде Қорғастық шекарашылар жалпы құны 6 950 000 теңгенің тауарын елімізге контрабандалық жолмен енгізбек болған үш Қазақстан азаматын ұстады. Бұл туралы ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов бастаған университет делегациясы М.И.Ломоносов атындағы ММУ-де (Мәскеу қ., РФ) өткен «Университеттер, қоғам және адамзат болашағы» халықаралық форумына қатысты. Жетекші жоғары оқу орны басшысының «Жаңа ұрпақ университеті: 4.0 траекториясы» тақырыбындағы баяндамасы форумға қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Елеулі еңбекпен елеусіз жүрген жандар
Әлеуметтік көмек туралы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі жарияланғаннан бері жиі ауызға алынатын болды. Оған соңғы уақыттағы көп балалы аналарға қатысты жайттар қосылды. Мұның бәрі елдегі әлеуметтік жағдайдың түйткілді мәселелерін алға шығарды. Алайда, үнемі қоғам назарында жүрсе де, елеусіз қалып қалатын бір топ бар, бұл – әлеуметтік сала қызметкерлерi.
Алматыда интернаттар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері триатлонды тегін үйреніп жүр
Алматыдағы мектеп-интернаттар мен балалар үйлерінен 120 оқушысы жүзуді, жүгіруді және велосипед айдауды үйрететін MY WIN жобасының III кезеңіне қатысып жүр.