Аймақтар • 29 Наурыз, 2021
Шығыс халықтары Наурыз мерекесін бес мың жылдан бері тойлап келе жатқаны туралы деректер бар. Төл мерекеміздің шығу тарихын біреулер парсы патшасы Жәмшидпен, бірі Қыдыр атамен, енді бірі Үт құбыжығымен байланыстырады.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2021
Қамбаштан су «қашып» барады...
Жуырда сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы, Нұртөре Жүсіп және Ақмарал Әлназарова Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына Сыр бойындағы су тапшылығына байланысты депутаттық сауал жолдады.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2021
Амалбек Тшанов: Майшам жарығымен жұмыс істеген кездер де болған
Тәуелсіздіктің 30 жылын елмен бірге жүріп өткен тегеурінді тұлғалар қатарындағы Амалбек Тшановтың есімін ел шежіресі аттап өте алмасы ақиқат. Бөлек талапшылдығымен, тәуекелшілдігімен егемендіктің елең-алаңында билікке келіп, саясатқа араласқан азаматтың аз уақытта атқарған ілкімді істері қай кезде де менмұндалап тұра бермек.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2021
2000 жылдардың бас кезінде қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, тарихына, география ғылымы мен ұлт этнографиясына, философиясына, халқымыздың жалпы руханиятына Серікбол Қондыбай есімі мен еңбегі өзгеше құбылыс болып енді. Филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Қажыбекше айтсақ, «мифтік реконструкция саласындағы мұзжарғыш қасиетке ие» Серікболдың ғылыми шығармашылығы ұлттың жоғалғанын соны пайымдармен түгендеп қана қоймай, бұған дейін белгісіз болып келген ұлттық болмысымыздың түп-тұқиянына қатысты кейбір мәселелерге, түркі дүниесі құндылықтарының шығу төркініне, есте жоқ ескі замандағы ата-бабаларымыздың дүниетаным көкжиегіне тың ізденістермен талдау жасайды. Филология ғылымдарының докторы А.Сейдімбектің «Серікбол Қондыбай қазақ тарихын иісі түркі тарихының, түркі тарихын жалпыадамзаттық тарихтың құрамдас бөлігі ретінде зерделеді. Нәтижесінде, қазақ тарихының философиясы деп аталатын ғылым саласының бағыт-бағдары анағұрлым айқындала түсті», деуі осыдан еді.
Тарих • 29 Наурыз, 2021
Павлодар уезінен шыққан тұңғыш фельдшер қазақ
ХІХ ғасыр қазақ даласына үлкен өзгерістер әкелді. Ресей империясының протекциясына толықтай кіргесін, жаңадан орнаған тәртіп халқымыздың көшпенді тірлігіне барынша әсер етті. Қазақтардың арасында дихандар, балықшылар, қолөнершілер, саудагерлер ғана емес, сондай-ақ, мұғалімдер, дәрігерлер, генералдар, жазушылар, суретшілер, тіпті спортшылар да пайда бола бастады. Енді қазақ халқы осындай жаңашылдыққа ұмтылған, іскерлік қабілеті мол, әрі білімді адамдарды үлгі тұтатын болды. Осындай елге танымал және үлгі болған адамдардың бірі – Павлодар уезінің тұңғыш дәрігер-фельдшері Баймырза Тоқтағұлов еді.