Қоғам • 29 Наурыз, 2022
Күре жол үстінде күн сайын болып жатқан жол-көлік апаттары кім-кімді де болсын ойландырмай қоймайды. Бір ғана деректі келтіре кетейік. Қаңтардың төрт күнінде жол-көлік апатынан 21 адам қаза болған. Төрт өңірде тіркелген қанды оқиғалар бір сәтте бірнеше отбасын жалмап кетті.
Қоғам • 29 Наурыз, 2022
Көктемнің әр күні жылға азық екенін жадына мықтап тоқыған ақмолалық диқандар жауапты науқанға жан-жақты дайындық үстінде. Биыл 5,1 млн гектар жерге тұқым сіңірілмек. Өткен жылмен салыстырғанда егістік көлемі 53,4 мың гектарға ұлғаймақ. Майлы дақылдар көлемі де 14,2 мың гектарға кеңейтілмек.
Әлем • 29 Наурыз, 2022
Украина-Ресей: Келіссөздер жүргізілуде
Ыстанбұлда Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің кезекті раунды басталды. Жиынға Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған да қатысты. Кездесу барысында атысты тоқтату, Ресей әскерін ел аумағынан шығару секілді мәселелер талқылануда. Ал Украинада ұрыс әлі де жалғасып жатыр.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2022
Консорциумдағы жағдай бақылауда
Каспий құбыры консорциумында орын алған жағдай кейбір мамандар айтқандай аса күрделі емес. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты. «Рас, дауыл 3-жылжымалы айлақ қондырғысының тоқтауына әсер етті. Екінші қондырғыда іркілістер байқалды. Апатты жағдайға жол бермеу үшін оны да өшіруге тура келді. Біріншісі тексеру жүргізілгенге дейін қауіпсіздік мақсатында тоқтатылды», деді министр.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2022
Халықаралық ынтымақтастықтың маңызы зор
Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің салтанатты отырысы өтті. Ауқымды жиын ұйымның 30 жылдық мерейтойына арналды.