Аймақтар • 29 Наурыз, 2025
Президент тапсырмасымен Екібастұзда ашылған «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы қала балаларына шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше мүмкіндіктер ұсынады. Орталық 9 мыңнан астам жас талантты, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды да қабылдай алады.
Өшпес даңқ • 29 Наурыз, 2025
Балтабек Мұстафин Солтүстік Қазақстан облысының Преснов (қазіргі Есіл) ауданындағы Тауағаш ауылында 1926 жылы дүниеге келген. Әкесі Қабдол – асқан саятшы, аштық жылдарында ауылдастарын аңмен асыраған атақты бүркітші болған. Өзі балуан, екі иығына екі жігіт мінгендей, зор денелі болған. Балтабек – оның көп қыздан кейін көрген жалғыз ұлы.
Зерде • 29 Наурыз, 2025
Шатыршадан шығып, елінің шарапатына бөленген
Шатырша – Арқаның асқақ биігі Ақсораңның бауырласы іспетті. Көкке шаншыла біткен жақпар тасты ұшар басы өміршеңдік пен өршілдікті, тектілік пен асқақтықты танытқандай. Қоғам қайраткері, ақын, аудармашы, публицист, алаштанушы, тіл жанашыры, суретші, сазгер, мемлекеттік қызмет ардагері, Ақтоғай ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Қайырбек Сәдуақасовтың қайраткерлік жолы осы Шатыршадан басталды.
Білім • 29 Наурыз, 2025
Осыдан екі-үш жыл бұрын облыс орталығындағы жаңа мектептердің біріне барғанбыз. Дәліздегі адам нөпірінен әзер жылжып отырып, басшысының кабинетін таптық. Директордың айтуынша, сол жылы мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалардан 17 бірінші сынып құралыпты. Басында бұл жаңалыққа қуанғанбыз, кейіннен оның көбі ауылдан қалаға көшкендердің балалары екені еске түскенде, көңіл құлазып сала берді. Есесіне ауыл мектебінде оқитындар қатары жыл санап азайып келеді.
Бизнес • 29 Наурыз, 2025
Банктер бизнеске неге болыспайды?
«Банктер бизнеске несие бермейді» деген пікір осыған дейін де жиі айтылатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев банктер тұтыну несиесімен әуестеніп кеткенін, бұл бағыт қаржы жүйесіне төнетін сын-қатерлердің көбеюіне және азаматтардың шектен тыс қарызға батуына себепкер болуы мүмкін екенін бірнеше рет ескерткен.