Елбасы • 31 Наурыз, 2021
Заманында Еуразия кеңістігінде түркілердің атой салғаны тарихтан белгілі. Шығысы Сібірден, Батысы Қара теңізге дейінгі алып аумақты мекендеген халық мыңдаған жылға созылған Ұлы дала өркениетін қалыптастырды. Бүгінде осы бай құндылықтың мұрагері – Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі десек, қателеспейміз. Биыл Түркі кеңесінің кезекті саммиті өтпек. Іргелі іс-шара карантиндік жағдайға байланысты бейнеконференция режімінде ұйымдастырылады. Осы орайда, түгел түркінің басын қосып, төрге оздырған тұлғаның бірі һәм бірегейі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екенін айта кеткен абзал.
Экономика • 31 Наурыз, 2021
Экспорт әлеуетін арттыратын шешім
Биыл 29 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-сұрыпты ұнды биржалық тауарлар тізімінен алып тастау туралы шешім шығарды. Президенттің ресми сайты бұл туралы «Мемлекет басшысы ұн нарығының ерекшелігін және оның экспорттық әлеуетін ескере отырып, ұнды биржалық тауарлардың тізіміне қосуға ерте деп шешті» деп жазды. Жыл басталғалы отандық диірмендердің бас ауруына айналған көкейкесті мәселенің дер кезінде оң шешім табуы ұн өндіруші кәсіпкерлерді қуантып отыр.
Тарих • 31 Наурыз, 2021
Большевиктер өкімет басына келген жылдардан бастап, «Сұмырай келсе, су құриды» дегендей, елді жаппай аштық жайлаған.
Сұхбат • 30 Наурыз, 2021
Наурыз мейрамының тарихы ғылыми зерделеуді қажет етеді - Нұрсан Әлімбай
– Нұрсан аға, ақтың молайып, тіршіліктің жаңарып, күннің ұзаратын, көңілдің кеңитін кезеңі – Наурыз айы да өтіп барады. Қазақы күнтізбе бойынша жаңа жыл еліміз үшін ырысты болғай дей отырып, Наурыз мерекесінің елімізде аталып өтуінің тарихына қатысты деректерді өзіңізден естісек деп отырмыз.
Оқиға • 30 Наурыз, 2021
Қылмыстың үлкен-кішісі болмайды
Латвия мемлекетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы өткен жылы ел бюджетін жалпы сомасы 230 мың еуро болатын әкімшілік айыппұлмен толықтырған екен.