Ғылым • 29 Наурыз, 2024
Отандық ғалымдар әмбебап сүзгі жасап шығарды. Оның әмбебаптығы суды тұздан тазартатынында ғана емес, сонымен қатар мұнай мен радиоактивті қалдықтар тәрізді әртүрлі майлы сұйықтықтан да тазартуға мүмкіндік беретінінде болып тұр.
Ғылым • 29 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр сөзінде отандық ғылымды дамыту және оның ел экономикасын нығайтудағы рөлін арттыру қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар беріп отырады. Жақында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында да ұлттың бойындағы маңызды құндылықтардың бірі жасампаздық екенін атап өтті. «Сол себепті біз қоғамда білімпаздықты дәріптеуге, білім және ғылым саласын дамытуға баса мән беріп келеміз», деді Президент. Иә, бұл салада жүзеге асырылып жатқан және атқарылуға тиіс шаруа шашетектен. Түйткілі шешілмеген тұстары да баршылық. Осы орайда Ұлттық ғылым академиясы мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, отандық ғылымды дамыту жөніндегі міндеттерді шешу жолдарын талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Басқосуға еліміздің жетекші ғалымдары мен бизнес-қоғамдастық басшылары қатысып, отандық ғылымның қызметін реформалау жөніндегі шараларға қатысты өз пікірлерін ортаға салып, бизнестің өзекті мәселелеріне егжей-тегжей тоқталды.
Мирас • 29 Наурыз, 2024
Қазақтың жыраулық өнерінде Бесқала жыраулық дәстүрінің орны бөлек. Қазақ халқы ертеден мекен еткен Әмудария бойындағы Шымбай, Хожелі, Қоңырат, Шаббаз (қазіргі Беруни), Көне Үргеніш қалаларын ертеде Бесқала деп атағаны тарихтан белгілі. Бұл өңір қазақтарының өзіне тән жыраулық, күйшілік, әншілік дәстүрі ғасырлар бойы қалыптасты.
Руханият • 29 Наурыз, 2024
Жастар әдеби клубы: алғашқы отырыста не айтылды?
Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен жаңадан құрылған жастар әдеби клубының алғашқы отырысы өтті. Рухани басқосуға еліміздің әр аймағынан келген 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, Президенттің арнайы әдеби сыйлығының лауреаттары, халықаралық, республикалық әдеби байқаулардың жеңімпаздары қатысып, осы саладағы күрмеулі мәселелерді талқылады. Келелі ойларын да ортаға салып, түрлі ұсынысын айтты.
Құқық • 29 Наурыз, 2024
Сот әкімшілігі: ашықтық айнасы
Уақыт алға озған сайын заманның сұранысы мен талаптары өзгеретіні анық. Заманның ағымына сай, еліміздің сот жүйесіне жаңашылдықтар енгізу қажеттілігі туындады. Өткен жылы Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Сот әкімшілігі болып қайта құрылды. Ал сот әкімшісінің аумақтық органдары департамент болып өзгерді. Қазір республиканың барлық облысында сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелері жұмыс істейді.