Қоғам • 30 Наурыз, 2024
Су тасқынына қарсы жұмыстарға 5 мыңнан астам ерікті атсалысып жатыр
Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында еріктілер зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру, жинау, халыққа эвакуация пункттерінде уақытша тұру сияқты шараларды ұйымдастырумен айналысып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 30 Наурыз, 2024
Теміртауда төтенше жағдай режимі жарияланды
Қарағанды облысы, Теміртау қаласының оң жағалауындағы су құбырында технологиялық ақау болды.
Қоғам • 30 Наурыз, 2024
Әскери қызметшілер өңірлерде халыққа жәрдемдесіп жүр
Су тасқыны кезеңіне байланысты Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Абай, Ұлытау облыстарында әскери қызметшілер түрлі міндеттерді орындап жүр, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс ведомствосына сілтеме жасап.
Пікір • 30 Наурыз, 2024
Ғалым, су шаруашылығы саласының ардагері Әмірхан Кеншімовтің айтуынша, жаһандық жылыну дүниежүзі бойынша табиғи апаттарға әкеліп отыр. Жер бетінің орташа температурасы көтерілген сайын мұхиттардың булануы күшейіп, циклондардың бағыты өзгерген.
Әскер • 30 Наурыз, 2024
Әскери қызметшілер 100-ге толған майдангерге құрмет көрсетті
Екінші дүниежүзілік соғысының ардагер барлаушысы Василий Иванович Зинченко 29 наурызда 100 жасқа келген мерейтойын атап өтті. Оны Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов, Түрксіб ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлері мен соғыс балаларының қоғамдық қорының өкілдері, десантшы-сарбаздар құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.