Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум: Ұлытау облысында 127 учаске жұмысын бастады
Учаскелер қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етіліп, дауыс беруді ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған. Референдумды өткізу үшін облыста 6 аумақтық және 127 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Комиссиялардың құрамында барлығы 845 адам бар, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Шетелдегі ел азаматтары референдумға қатысып жатыр
Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елінде референдумға арналған учаскелер жұмыс істеп тұр. Шетелдегі қазақстандықтар да дауыс беру құқығын пайдаланып, саяси науқанға белсенді қатысып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қостанайда референдум учаскесіне Қыдыр ата келіп, тұрғындарға бата берді
Қостанай қаласындағы референдум учаскесінің бірінде ерекше көрініс байқалды. Наурыз мейрамының символы саналатын Қыдыр ата дауыс беруге келген тұрғындарды қарсы алып, олармен сөйлесіп, дәстүрлі бата берді. Ол азаматтарға, отбасыларға және елге амандық пен бірлік тілеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ақтөбе облысының әкімі референдумда өз таңдауын жасады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 мектепте орналасқан №541 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Дауыс бергеннен кейңн өңір басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткізіліп жатқан референдумның ел өміріндегі маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Жетісуда 105 жастағы әже алғашқылардың қатарында дауыс берді
Панфилов ауданында ғасырдан асқан кейуана Нағиман Шалабаева ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан қалыс қалмай, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады. 105 жастағы қария Жаркент қаласындағы №290 дауыс беру учаскесіне арнайы келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.