Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум: Еліміздің чемпиондары өз таңдауын жасады
Таңертеңнен бастап референдум учаскелеріне спорт жұлдыздары келіп жатыр. Алғашқылардың бірі болып бокстан 2000 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Ермахан Ибраимов өз таңдауын жасады. Сондай-ақ, бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай, джиу-джитсудан екі дүркін Әлем және Азия чемпиондары егіздер Сәрсенұлдары, бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан, бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Наталья Богданова, сондай-ақ Теңге ілу бойынша 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындардың жеңімпазы Бекнұр Серіков сынды спорт саңлақтары өз дауыстары белгіленген бюллетенді жәшікке салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Шымкентте ұландықтар референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс беруді аяқтады
Шымкент қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға алғашқылардың бірі болып қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Бекбаева: Учаскелерде ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасалды
Павлодар облысының №596 референдум участкелік сайлау комиссиясының төрағасы А. Бекбаева мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін дауыс беру шарттары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Наурызнама • 15 Наурыз, 2026
Наурызнама: бүгін – қайырымдылық жасайтын күн
Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз – қайырымдылық күні ретінде белгіленген. Бұл күні еліміздің әр өңірінде мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Қоғамда мейірім мен жанашырлықты насихаттауды мақсат еткен бастамалар арқылы адамдар бір-біріне қол ұшын созып, игі дәстүр жаңғырады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум күні Атырауда екі бірдей үшем дүниеге келді
Атырау облыстық перинаталды орталығында бүгін екі бірдей үшем дүние есігін ашты. Бұл қуанышты оқиға перинаталды орталық ұжымы мен жас аналардың жақындары үшін ерекше мереке болды, деп хабарлайды Egemen.kz.