Қоғам • 30 Наурыз, 2021
Бар әлемді шуағына бөлеген көктем жаршысындай болып төл мерекеміз Наурыз да келіп жетті. Күн мен түн теңеліп, табиғат жаңаратын, тіршілік атаулы қайта оянатын Ұлыстың ұлы күнін күллі қазақ халқы қуана қарсы алды. Мен қазақ халқы деген ұғымға елімізде тұрып жатқан тағдыр-тілегі, мұрат-мақсаты бір жүз сан ұлттың бәрін сыйғызып айтып отырмын.
Руханият • 30 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивіндегі құнды құжаттарға үңілсеңіз, астанада алғаш рет наурыз мерекесі қашан аталып өткені туралы деректер кездеседі. 1990 жылғы Целиноград қалалық мәдениет бөлімінің есебіне сүйенсек, мұнда ең алғаш Ұлыстың ұлы күні 1989 жылы тойланған екен. Ақсақалдардың ақ батасымен өрілген құтты мерекеге кеңес идеологиясы құлағына сіңіп кеткен жастар жағы бой үйрете алмаса да, үлкендердің ізетті жолымен жүруге тырысқан. Бұған қолдағы құнды құжаттар куәлік етеді.
Қоғам • 30 Наурыз, 2021
Адал мемлекеттік қызметшіге кім араша түседі?
Мемлекеттік басқару жүйесі ретке келтіріліп, оның күретамыры ретіндегі мемлекеттік қызметтің басты бағыт-бағдарлары айқындалған. Адал қызмет істеймін дегендерге барлық мүмкіндік жасалған.
Қоғам • 30 Наурыз, 2021
Қаршадай қызды қатыгездікпен өлтірген
Наурыз мерекесінің қарсаңында Алматы қаласында жаға ұстатар жағдай орын алғанын газетіміздің сайтына жазған едік. Наурыздың 19-ы күні жұмыстан шыққаннан кейін хабарсыз кеткен Алматының 19 жастағы тұрғыны Аяжан Еділованың өлі денесі қаладағы пәтерлердің бірінен табылған болатын. Полиция аталған қылмысқа қатысты жаңа деректерді жариялады. Өрімдей қыздың өмірін қиған қаскүнем 1993 жылы туған Түркістан облысының тумасы екені анықталып отыр.
Қоғам • 30 Наурыз, 2021
Жол жағдайы көпке дейін Маңғыстаудағы өзекті мәселелердің бірі болып келген еді. Бірақ соңғы оншақты жыл көлемінде жүргізілген жұмыстар өңірдің жол сапасын едәуір жақсартты. «Қазіргі таңда көлік жолдарының 80%-ның сапасы жақсы және бұл көрсеткіш көптеген аймақпен салыстырғанда көш ілгері» дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының мамандары.