Қазақстан • 07 Наурыз, 2018
Азаматтардың келешегіне қамқорлық
Әлемде әлеуметтік теңсіздіктің өсу қарқыны байқалады. Адамзаттың басым бөлігі қарапайым материалдық игіліктерге қол жеткізе алмай жүр. Сондықтан бүгінгі басты міндет әлеуметтік мәселелерді мемлекеттік тұрғыдан реттеу болмақ. Ең бастысы, әр азамат өзінің бүкіл қоғамға берілген материалдық игіліктен құр қалмағанын сезінуі тиіс. Бұл – дұрыс бағыт, әділ ұстаным. Еліміз осы бағытқа бет бұрды. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы баяндамасы баршамызды қуантты. Баяндамада бес әлеуметтік бастама туралы айтылды. Әрқайсысы жеке-жеке қарастыруға лайықты.
Әлем • 07 Наурыз, 2018
«Талибан» қозғалысын келіссөзге шақырды
Ауғанстан орталығында «Кабул процесі» аясында «Ауғанстандағы бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін ынтымақтастық» тақырыбында екінші халықаралық конференция өтті.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2018
Microsoft ҚазҰУ туралы бейнефильм түсірді
Әлемге әйгілі «Microsoft» компаниясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алдыңғы қатарлы озық IT-технологияларды енгізіп, сандық университетті сәтті құрғаны жайлы бейнеролик түсіріп, өздерінің сайттарына жариялады.
Бағдарламалар • 07 Наурыз, 2018
Берекелі бастамалардың берері мол
Жұрт жағдайын жақсартатын жобаларға жол ашылды Еліміздегі әр азамат мемлекеттің қорғауы мен қолдауын және қамқорлығын сезінетін жағдайға жету – орындалмас арман, қол жетпес сағым емес екен, бұйыртса, жуық жылдарда жүзеге асатын жоталы жобалардың қатарына енгенін естіп-көріп, шынын айтсам, балаша қуандым. Президент Н.Назарбаевтың Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында жаңа әлеуметтік бастамалар көтеріп, жұртшылықтың әл-ауқатын жақсартуға жаңа бетбұрыс басталғанын жариялауы қоғам өміріне наурыздың жаңа лебіндей әсер етті. Елбасы өз Үндеуінде ұсынған 5 бастамасының баршасы мән-мағына, маңызымен жүрекке жылы тиіп, көкейге қонды.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2018
Маңғыстау облысы ішкі істер органдарында қызмет ететін қыз-келіншектер арасында ұйымдастырылған «Мерген қыздар» сайысына ішкі істер департаменті басқармаларынан 26 қызметкер қатыстырылды. Оқу-жаттығу орталығында ұйымдастырылған сайыста нәзік жандылар өз біліктілігін сынға салды.