Қоғам • Кеше
Шавкат Исмаилов: Күрделі геосаяси жағдайларға қарамастан ел экономикасы нығайып келеді
Мәслихаттар форумында Президенттің сөйлеген сөзін мұқият тыңдап шықтым. Онда әлеуметтік қолдау мен цифрлық даму мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Технология • Кеше
Қазақстанда ЖИ-ді дамытуға арналған 200-ден астам датасет ашылды
Елімізде бизнес пен әзірлеушілерге жасанды интеллект негізіндегі өнімдерді жасау үшін деректерге және есептеу қуаттарына қолжетімділік ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері IT-қауымдастықпен өткен ашық диалог форматындағы кездесуде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • Кеше
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп секторын жан-жақты дамыту мемлекет саясатындағы негізгі басымдық болып қала беретінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • Кеше
Конституциялық өзгерістер: Институционалдық жаңғырудың жаңа кезеңі
2026 жылдың 15 наурызына белгіленген референдум жақындаған сайын жаңа Конституция жобасына қатысты пікірталас күшейіп келеді. Алайда талқылаудың дауысы күшейгенмен, мазмұндық тереңдігі арта қойған жоқ: кейбір сыншылар құқықтық талдаудың орнына әлеуметтік-популистік ұрандарды алға тартып отыр. Жалпы алғанда, мұндай пікірталастар – қоғамның негізгі заң мәтініне бейжай қарамайтынын көрсететін белгі. Соған қарамастан, жекелеген оппоненттер жаңа Конституция жобасы билікті абсолюттендіруге негіз қалайды деп пайымдайды. Кейбір сыншылар конституциялық жаңашылдықтардың мәніне үңілмей-ақ, 1995 жылғы Конституциядан сөзбе-сөз алынған әрі ондаған жыл бойы ешқандай дау тудырмаған нормалардың өзіне күмәнданады. Бұл екі ұстанымды біріктіретін ортақ кемшілік бар: конституциялық құқық пен конституциялық құрылыс саласындағы халықаралық стандарттарды жүйелі түсінудің жеткіліксіздігі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • Кеше
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумындағы сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі ахуалға, экономикаға немесе саяси реформаларға белгілі дәрежеде халықаралық жағдайлар ықпал ететінін тілге тиек етті, деп хабарлайды Egemen.kz.