Футбол • 30 Наурыз, 2021
Қазақ халқы үшін Наурыз мейрамы бір жағынан жыл басы, жаңару мезгілі саналса, екінші жағынан көктемнің алғашқы айын нағыз футбол мерекесінің айы десек болатын шығар. Өйткені жыл сайын наурызда футболдан дәстүрлі Қазақстан біріншілігі мен ұлттық құрамамыз бақ сынайтын түрлі деңгейдегі әлем, Еуропа чемпионаттарының іріктеу матчтары, Ұлттар лигасы ойындарының тұсауы кесіледі.
Руханият • 30 Наурыз, 2021
Күн райы күрт жылынса, Шығыс Қазақстан облысында 94 елді мекенді су басу қаупі бар. Тілсіз жаудың алдын алу үшін жер-жерде құтқарушылар техникаларын сайлап, дайын отыр. Олардан бөлек, Jas Otan волонтерлері де қолға күрек алып, әлеуметтік әлжуаз топтағы отбасыларға көмек көрсетіп жүр.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2021
«Баянауыл RUNNERS» марафоншылары мәреге жетті
Аудан орталығындағы әуесқойлар жеңіл атлетика клубының мүшелері 76 шақырымдық марафон ұйымдастырды. Мақсат – спорттық шара өткізу арқылы нашақорлықтың алдын алу, жастардың бойында есірткіге қарсы тұра алатын берік иммунитет қалыптастыру қажеттігін жүгіру арқылы көрсету.
Оқиға • 30 Наурыз, 2021
«Қазпошта» қызмет аясын кеңейтті
«Қазпошта» компаниясы халықаралық пошта жөнелтілімдері мен жүктерді кедендік ресімдеу қызметін іске қоспақ. Бұл – ұлттық пошта байланысы операторының цифрлы трансформация бағытындағы үлкен жетістігі.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2021
Көкшетауда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Наурыз шуағы» мейрамды тойлауға арналған тұжырымдамасы аясында облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді.