Қазақстан • 29 Наурыз, 2018
Атыраулық оқушылар бананның пайдасын анықтады
Ластанған суды бананның қабығымен тазалауға болады. Мұны Атыраудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Димаш пен Бекзат дәлелдеді.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2018
2018 жылы Солтүстік Аралды құтқару жобасының екінші кезеңі іске аса бастайды
Биыл Қызылорда облысында "Сырдария өзенінің арнасын Реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау" (САРАТС) жобасының алғашқы 4 бөлігі іске асырылады. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Арал ауданында өткен жиын барысында хабарлады.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2018
Жастарға арналған алғашқы телеарнаның тұсаукесері өтті
Орталық коммуникациялар қызметінде «J1–Jastar1» жастарға арналған жаңа телевизиялық арнаның тұсаукесері өтті. Шараға арнаның бас директоры Ильяс Искаков, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов, «J1» (Jastar1) телеарнасы директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Ғалия Шаудырбаева және «J1» (Jastar1) телеарнасының креативті продюсері Алпамыс Шаримов қатысты.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2018
ЕҰУ студенттері Президент бастамаларын талқылады
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін, сонымен қатар дін саласындағы мемлекеттік саясатты талқылау және түсіндіру бойынша студент жастармен кездесу өтті.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2018
Ақтауда ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті
«Мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер мейлінше оңтайландырылып, адамның баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіріліп жатыр. 45 ауылдық округтың әкімдіктерінде арнайы қызмет бұрышы ашылып, онда нұсқаушы маман жұмыс істеуі тиіс».