Референдум • Бүгін, 09:38
Шетелдегі ел азаматтары референдумға қатысып жатыр
Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елінде референдумға арналған учаскелер жұмыс істеп тұр. Шетелдегі қазақстандықтар да дауыс беру құқығын пайдаланып, саяси науқанға белсенді қатысып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • Бүгін, 09:37
Қостанайда референдум учаскесіне Қыдыр ата келіп, тұрғындарға бата берді
Қостанай қаласындағы референдум учаскесінің бірінде ерекше көрініс байқалды. Наурыз мейрамының символы саналатын Қыдыр ата дауыс беруге келген тұрғындарды қарсы алып, олармен сөйлесіп, дәстүрлі бата берді. Ол азаматтарға, отбасыларға және елге амандық пен бірлік тілеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • Бүгін, 09:35
Ақтөбе облысының әкімі референдумда өз таңдауын жасады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 мектепте орналасқан №541 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Дауыс бергеннен кейңн өңір басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткізіліп жатқан референдумның ел өміріндегі маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • Бүгін, 09:30
Жетісуда 105 жастағы әже алғашқылардың қатарында дауыс берді
Панфилов ауданында ғасырдан асқан кейуана Нағиман Шалабаева ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан қалыс қалмай, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады. 105 жастағы қария Жаркент қаласындағы №290 дауыс беру учаскесіне арнайы келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • Бүгін, 09:26
Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде «Әжелер хоры» ән айтты
Бүгін таңертең алматылықтар қаланың Қазақстанның мәдени астанасы екендігін тағы бір мәрте көрсетті. Референдум күні Наурызбай ауданына қарасты Шұғыла шағын ауданындағы №562 сайлау учаскесінде тұрғындарды ерекше қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.