Қазақстан • 31 Наурыз, 2022
Орынды ұсыныс-пікірлер айтылды
Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Нұрлан Әбдіров Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында саяси партиялардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, блогерлермен, өңірдегі сайлау комиссияларының мүшелерімен үлкен кездесу өткізді. Іс-шараға 523 адам қатысты, деп хабарлады ОСК-ның баспасөз қызметі.
Өнер • 31 Наурыз, 2022
Өнер мен ұстаздықты ұштастырған
Тәуелсіздік жылдары Тобыл өңіріндегі ұлттық өнердің өркендеуіне үлкен үлес қосқан тұлғалардың ішінде халық ақыны Әсия Беркенованың есімі ерекше аталады. Республика деңгейінде өткен талай аламан айтыстарда топ жарып исі қазақтың Әсиясы атанған ақын ауылдан қалаға қоныс аударғаннан кейін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай университеті жанынан «Өнер студиясын» ашып, бойында таланты бар студент-жастарды өнерге баули бастады.
Медицина • 31 Наурыз, 2022
Ең қымбат препарат алғаш рет қолданылды
Елімізде тіркелмеген дәрі-дәрмекті алғаш рет қолдану және осы саладағы мамандарды оқыту «Қазақстан халқына» қорының қаржыландыруы арқылы жүзеге асты.
Медицина • 31 Наурыз, 2022
Елордада туберкулезбен ауыру 30%-ға төмендеді
Астанада 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында «Туберкулезбен күреске инвестиция салыңыз. Өмірді құтқар» атты айлық өтті. Айлық аясында қала тұрғындары аурудан сақтану, уақтылы тексерулерден өтудің маңызы туралы жан-жақты мәліметке қанықты.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2022
Қостанайдағы №28 мектеп-гимназияда өткен «Бала барысы» облыстық турнирі өңірде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен балалар жылына арналған белдесуге бұған дейінгі іріктеу кезеңдерінде жеңімпаз атанған Арқалық, Лисаков, Қостанай қаласы, Қостанай және Федоров аудандарынан келген 25 жас балуан күш сынасты.