Футбол • 31 Наурыз, 2022
«С» лигасындағы орнын сақтап қалды
Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында елордада Молдова футболшыларын қабылдап, ойынның негізгі кезеңінде 0:1 есебімен жеңіліп қалса да, матч соңындағы пенальти сериясында бағы жанды – 5:4. Өз елімізде өткен кездесуде жерлестеріміз жеңіс үшін барын салып, матчты стадионнан және теледидар арқылы тамашалаған барша футбол жанкүйерін жігерлі жеңісімен қуантты.
Экология • 31 Наурыз, 2022
Ауа тазалығы көңіл көншітпейді
Қазақстан ауасы ең лас 20 елдің қатарына енді. Мұндай мәлімет шуейцариялық IQAir мониторингтік тобы жүргізген рейтингте көрсетілді. Компанияның былтырғы есебінде еліміз ауа ластануының әлемдік көрсеткіші жағынан 23-орында орналасқаны белгілі болды.
Экология • 31 Наурыз, 2022
Орманымыз ойсырамасын десек...
Қасиетті Көкшенің бір байлығы – қолдың саласындай ақ қайыңдары мен мәңгі жасыл қарағайы. Қымбат қазынаның экологиялық және экономикалық ресурс екені белгілі. Оның үстіне баға жетпес ұлттық игілік.
Қоғам • 31 Наурыз, 2022
Балалар жылында республикада түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, күні кеше ғана «Астана Опера» музыкатанушыларының шығармашылық тобы ұйымдастырған «Балаларға арналған классикалық музыка апталығы» фестивалі аяқталды. Аталған жоба 5-15 жастағы балаларға арналды.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2022
Павлодарда ит «хит» болуда. Өткенде суреті тасқа қашалып, басына арнайы құлпытас қойылған үй жануарларының «қабірстанын» көргенде жағамызды ұстап едік. Кейін кейбір қоғам белсенділері итті серуендететін орын жеткіліксіз деп желпінді. Қаңғыбас иттер тұрғындарға қауіп төндіріп, оларды аулау жұмыстары басталған уақытта қоғам белсенділері тағы араша түсті. Жақында біреудің үш иті бір түнде көрші үйдің 12 ұсақ малын қырып салды.