Білім • 24 Наурыз, 2021
Ақтөбедегі ғасырмен құрдас мектептердің жай-күйі талқыланды
Ақтөбе қаласындағы үш ауысымды мектептер мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Соның ішінде әлі күнге дейін үздіксіз білім беріп келе жатқан кеңес өкіметінің алғашқы жылдары салынған білім беру мекемелері ғимараттарына күрделі сараптама жасау қажет болып отыр. Үш ауысымды мектептер мәселесінің түбірімен шешілмеуіне қала тұрғындары санының жыл сайын көбейіп жатқандығы да әсер етіп келеді. Облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан алдағы оқу жылында мектептер жүктемесін азайту тақырыбында қаладағы барлық орта мектеп директорларымен жиын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 24 Наурыз, 2021
Елімізде коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 50 мыңнан асты
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 3 адам көз жұмды. Бұл туралы Egemen.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Коронавирус • 24 Наурыз, 2021
Коронавирус жұқтырған 304 адамның жағдайы нашар
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандардың жағдайы жайында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Наурыз, 2021
Рұқсатсыз вакцина салу қылмыс па?
Таяуда Еуропалық комиссия «цифрлы онжылдық» құжатын қабылдады. Онда 2030 жылға дейінгі цифрлы технология саласындағы өзекті мәселелер қамтылған. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» жариялап отырған мақалалардың біреуі осы мәселеге арналған. Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Хосеп Боррел мен Еуропалық одақтың Бәсекелестік жөніндегі комиссары Маргрет Вестагер бірлесіп әзірлеген мақалада қарт құрлықтың цифрландыру саласындағы көзқарасының маңызы жайлы сөз қозғалады. Авторлардың сөзіне сүйенсек, Еуропалық одақ әлемдегі цифрлы технология саласын дұрыс бағытқа бұруға қабілетті. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін қарт құрлықтың шенеуніктері тиісті шараларды іске асырып, халықаралық ынтымақтастық орнатуы қажет. Принстон университетінің биоэтика профессоры Питер Сингер АҚШ-тағы мынадай қызық оқиғаға тоқталады. Тұрғындарға вакцина салуға жауапты Хасан Гокал артық қалған екпелерді басқа адамдарға егеді. Кейінірек осы әрекеті үшін жұмыстан шығарылып, жауапқа тартылған. Автор осы оқиғада дәрігерді қудалағандарды сынға алады. Естеріңізге салайық, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасының мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
Коронавирус • 24 Наурыз, 2021
Қазақстанда 213 мыңға жуық науқас коронавирустан жазылып шықты
Қазақстанда біртәулікте 817 адам коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы Egemen.kz www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.