Руханият • 24 Наурыз, 2021
«Қазақстан волонтерлер лигасы» ҚҚ Алматы филиалының еріктілері қаладағы әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарға үздіксіз көмек көрсетіп келеді. Елімізде төтенше жағдайлар жарияланған кезден бергі аралықта бір штабқа жиналған еріктілер қала әкімшілігінің қолдауымен көптеген әлеуметтік жобаның алғы шебінде жүр.
Руханият • 24 Наурыз, 2021
Тегеурінді жырау, текті ақынның ел ішіндегі шығармашылық байланыстары туралы айтылғанда, ең алдымен қаперге алынатыны – оның Жетісу ақындарымен дос-жаран, өнер адамы ретінде тығыз араласқандығы. Туып-өскен өлкесі Жетісу өңірі болғандықтан да, Жамбылдың көбірек қарым-қатынас жасағаны өзінің жерлестері болып келуі табиғи нәрсе. Ал оның басқа өңірдің сөз шеберлерімен байланысы болды ма, жоқ па, деген мәселе арнайы ауызға алына бермейді. Тіпті Жамбылдың Жетісудан өзге өлкелердегі өнерпаздармен шығармашылық әрі тұрмыстық деңгейдегі аралас-құраластығы жөнінде соңғы жылдары мүлде ескерілмей бара жатыр.
Қоғам • 24 Наурыз, 2021
Маң-маң басқан ғасырлардың ізіне түссеңіз мұқым түркі жұртының толағай тұлғасы менмұндалап шығады. Сақи дүниеде салтанат құрған бабаларымыздың бауырға басқан бар ізгілігі сарқырап аққан бұлақтай көңіл дариясына құяды келіп. Уығы аспанға ұмсынған ұлттың көкірек көзіне дәл осы күні ыстық жүректің алқымындағы алғаусыз жас ұйиды. Жаңа жылда бейтаныс бір сезім бойды билеп, көктеме лебі жан ерітеді. Содан ба Ұлыстың ұлы күні балбал тастарға басымызды сүйеп жылардай күй кешетініміз бар. Бұл – толайым тарихтың таңғажайып сыйы, сарқылмас сарқыты.
Қоғам • 24 Наурыз, 2021
Жақында елімізде ең көп қойылатын есімдердің тізімі жарияланды. Әділет министрлігінің АХАТ бөлімі ұсынған мәліметтерге қарағанда, жыл басталғалы бері дүние есігін ашқан 1200-ден астам ұлға Әлихан есімі берілсе, қыздарда Медина есімі дәл осыған ұқсас көрсеткішпен көш бастаған екен.
Руханият • 24 Наурыз, 2021
Сиыр жылы немесе алпыс жылдық мүшел есебі
Жаңадан ғалам қақпасын ашқан Зеңгі баба түлігі – Сиыр жылы жайлы ел аузында сақталған «Кіретін екінші жыл сиыр екен, Түрленген неше түрлі құйын екен, Ақ, қызыл, кк және де қара сиыр, Ақ сиыр қағынған жыл қиын екен» деп келетін кне шумақ бар. Байқағандарыңыздай, жоғарыдағы жырда бес түстің атауы айтылып тұр. Негізінен алғанда, жылдарды түстерге бліп есеп жүргізу – ежелгі тамырымызда бар дүние.