Оқиға • 25 Наурыз, 2021
Наурыз мерекесіне орай құттықтаулар
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлады Akorda.kz.
Әлем • 25 Наурыз, 2021
Сингапурлықтардың 90 пайызының өз үйі бар
Әлемде аз уақыт ішінде дамып, озық елдер қатарына қосылған мемлекеттердің мысалы көпке үлгі бола алады. Дүние жүзі ғалымдары мен сарапшылары Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің даму стратегиясы мен экономикалық жетістігіне баса назар аударып келеді. Солардың бірі Сингапурдың өзіндік моделін ерекше деуге толық негіз бар.
Қоғам • 24 Наурыз, 2021
Пандемия сақтандыру саласының портфелін әртараптандырды
2020 жылдан бері сақтандыру компанияларының порфелі әртараптандырылып, қосымша қызмет көрсету бағыттары пайда бола бастады, деп жазады Egemen.kz Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы таратқан дерекке сілтеме жасап.
Экономика • 24 Наурыз, 2021
Бағаны тұрақтандырмай, жағдай оңалмайды
Апта басында ел Үкіметі баға мәселесіне тағы бір қайырылды. Тиісті ведомстволарға баға белгілеу тізбегін егжей-тегжей зерделеу тапсырылды. Соңғы рет бағаның өсуі 2016 жылы байқалды. Оған теңге бағамының стрестік девальвациясы мен мұнайдың төмен бағасы әсер еткен болатын. Тұрақты теңге бағаны неге тұрақтандыра алмайды деген сауал қылаң береді. Яғни еліміздің нарықтың осы сегментіндегі позициясы әлсіз. Азық-түлік өнімдерін тұрақтандыру қорларының тиімсіздігі де байқала бастады.
Экономика • 24 Наурыз, 2021
Ет экспорты елді мал бағуға ынталандыра ма?
Еліміздегі мал басы мыңғырған аймақтың көш басында Жетісу өнірі тұрғаны аян. Бұған соңғы бірер жылдың көлемінде облыстағы төрт түліктің саны мен одан алынатын өнімнің де нақты көрсеткіші 3,7 пайызға артқаны дәлел болмақ. Ал мал басының көбеюі ішкі нарықты таза ет өнімдерімен қамтуға жол ашып отыр. Тіпті, шетелге ет экспорттаудан да Алматы облысының асығы алшысынан түсіп тұр деуге болады.