Сұхбат • 25 Наурыз, 2021
Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталған ойын, әсіресе, балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулитын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі «қой асығы демеңіз, қолайыңа жақса сақа қой» немесе «асығы алшысынан түсті», «бүге-шігесіне дейін анықтау» т.б. тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: «алтын асықтай» немесе «киіктің асығындай шымыр» деп атайтын үрдіс бар. Мұндай фразеологизмдер асықтың символдық мәніне қатысты қалыптасқаны анық. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бастап, аталған ойын заманға сай жаңарып жандана түсуде. Жуықта ғана Мәдениет және спорт министрінің №52 бұйрығымен (26.02.2021) Ұлттық спорт түрлерінің тізбесі бекітілді. Осы тізімде көрсетілген ұлттық мәртебеге ие тоғыз спорттың бірі ретінде – асық ату таңдалды. Осы орайда, республикалық Асық ату федерациясының атқарушы директоры, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Жомарт Сабыржанұлына жолығып, асық ойынының қазіргі жай-жапсары, болашақ жоспары жайлы әңгімелескен едік.
Руханият • 25 Наурыз, 2021
Жасыратыны жоқ, қазақтың ұлттық ойындары Кеңес өкіметі тұсында өңірлердегі той-жиындарда ғана өткізіліп келді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық спорт түрлерінен ауыл, аудан, облыс көлемінде түрлі үйірмелер мен секциялар ашылып, әр спорт түрінің жеке федерациясы құрыла бастады. Мәселен, қазақ күресі әлемдік деңгейдегі спорт түріне айналды. «Қазақстан Барысы» турнирін айтпағанның өзінде, «Еуразия Барысы», «Әлем Барысы» сияқты айтулы додаларда арысы Америка құрлығынан, берісі Азиядан келген апайтөс балуандар төл күресімізді меңгеріп, қазақы ережедегі күреспен белдесе бастады.
Руханият • 25 Наурыз, 2021
Қарт Марабайдан сәби Марабайға дейін
Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығы биыл халық жыршысы Марабай жыраудың туғанына 180 жыл толуына орай «Марабай таным» жобасын бастады.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2021
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі Әулиеата өңірінде лайықты деңгейде ұйымдастырылуда. Күн мен түннің теңеліп, айдың жаңа туған сәтінде жергілікті жұртшылық аймақты абаттандыру жұмыстарына кірісіп кетті. Сонымен қатар Тараз қаласының бірқатар жерлерінде Наурыз тойы тойлануда.
Өнер • 25 Наурыз, 2021
Домалақ ана (тәуелсіз Қазақстан тарихында жазылған екінші опера)
Ұшы-қиырына көз жетпейтін ұлан-ғайыр дала. Алыстан керуен көрінеді. Ұзақ жорықтан келе жатқан жауынгерлер. Көш басында Бәйдібек батыр, би, қолбасшы... Алдымен осыншама ауқымды оқиғаны шағын дерлік сахнаға сыйғызған театр мамандарының кәсіби шеберлігіне сүйсінгенбіз.