Экономика • 25 Наурыз, 2021
Қостанай облысының диқандары көктемгі егіс науқанына қызу дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өңірде ауылшаруашылық техникасының 85 пайызы дайын. Облысқа жеңілдікті жанармайдың алғашқы легі де келе бастады. Биылғы алқап жұмыстарына әр литрі 170 теңгеден 71 мың тонна дизель отыны бөлінген.
Әлем • 25 Наурыз, 2021
Солтүстік Корея екі зымыран ұшырды
Оңтүстік Кореяның Штабтар бастықтарының комитеті (JCS) солтүстіктегі көршісінің екі снаряд-ұшақ ұшырғанын хабарлады. Қысқа қашықтықта ұшатын зымырандар теңізге қарай бағытталған.
Таным • 25 Наурыз, 2021
Қазақ халқына әділетті қоғам, өркениетті ел мен дамыған орта туралы түсінік жат емес. Қай заманда болсын халқының әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігін жақсартып, жайлы өмір сүруін аңсаған тұлғалар аз болған жоқ. Жұртының дәулетті өмір сүруіне ықыласты болған арыстардың асқақ арманы мен биік мақсаты бүгінгі ұрпаққа өсиет болып жеткендей.
Пікір • 25 Наурыз, 2021
Әлихан Бөкейханның экономикалық көзқарасы
Алаштың ардақтысы, көрнекті мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхан − қазақтың дәстүрлі халық шаруашылығын жан-жақты жүйелі зерттеген тұңғыш экономист-ғалым. Ол – жоғары экономикалық білім алған алғашқы қазақтардың бірі. Соның бір дәлелі, 2018 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік орман институтының бас ғимаратында «Әлихан Бөкейхан 1890-1894 жж. оқыған» деген естелік тақта орнатылды.
Қазақстан • 25 Наурыз, 2021
«Біздерде мынадай бар, мынадай бар!..»
Қазақстанның қазба байлықтары жайлы әңгіме қозғалса, ақын Сұлтанмахмұттың әйгілі өлеңіндегі ақсақал шалдың осы бір сөзі ойға оралады. Иә, бізде біраз дүние бар. Жеріміздің асты мен үсті – ен байлық. Бірақ Тәуелсіздік алған отыз жылдың ішінде сол байлықтың түбі көрінбесе де, сарқылғаны анық. Артылғаны да жоқ емес. Әйтеуір, қазба байлық қорларының өзгеріске ұшырағаны белгілі. Ендеше жер қойнауындағы жақұт байлықты бір түгендеп қойғанның артығы жоқ.