Оқиға • 01 Ақпан, 2021
«Ұшқыннан» бастау алған басылым
Ел газеті «Егемен Қазақстанның» 30 мыңыншы нөмірі шыққан қарсаңда ұлттық баспасөз тарихына бір саяхаттап, от пен оқ иісі аңқыған 1919 жылдың аязды күндерін оймен шолған едік. Өйткені кез келген мерейтойдың өзі ең алдымен өткенге көз жіберіп, есеп беру үшін керек қой...
Коронавирус • 01 Ақпан, 2021
Індетті тойтарудың ең тиімді амалы
Ел арасында екпеге қатысты даурықпа әңгіменің көп екені рас. Осы ретте Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті вакцинаға көнетін инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаевадан вакциналау төңірегіндегі бірнеше сұрақтың жауабын алған едік.
Саясат • 01 Ақпан, 2021
Адам мен бизнес құқығы – басты назарда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2020 жылдың қорытындысына арналған алқа отырысы өтті. Оған Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері, агенттіктің және оның аумақтық органдарының басшылары мен жеке құрамы (онлайн режімде) қатысты.
Оқиға • 01 Ақпан, 2021
Биыл сан ғасыр сарыла күткен тәуелсіздік таңының рауандағанына – 30 жыл. Мемлекетіміз ұлы мұрат жолында үшінші онжылдыққа қадам басып, рухты тасытар өміршең өркениетке ұлы бетбұрыс жасады. Талайы тарихтың бетінде бедерленген қасіретті де қастерлі оқиғалар, нәсілі асыл елдің азап пен арпалысқа толы кезеңі, жетістігі мен жеңісі бәрі – ел жадында. Ал сол жолда Алаш арыстарының қолтаңбасы қалып, сан қайраткер-қаламгерлерді түлеткен, елдің мұңы мен тарихи жетістіктеріне куәгер болған ел газеті «Егеменнің» ғасырлық үні асқақ. Маңдайын күн сүйген мемлекетіміз орда бұзар отыз жасқа толғанда қаранар халықпен қатар жасаған ата басылым отыз мыңыншы нөмірін шығарып отыр.
Қоғам • 01 Ақпан, 2021
Бүгін елімізде вакциналау басталады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бүгіннен бастап Қазақстанда «Спутник V» екпесімен ерікті түрде вакциналау науқаны басталады. Бұған дейін жасалған келісім негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені елге «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясын жеткізді.