Оқиға • 01 Ақпан, 2021
Кеңес дәуірінде қазақ қоғамының барометрі – «Социалистік Қазақстан» болды. Басылым мұндай атаумен 1937 жылдан бастап, 1991 жылға дейін шығып тұрды.
Тарих • 01 Ақпан, 2021
10 мыңыншы нөмірдегі олжалы белестер
«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп кеткен Ахмет Байтұрсынұлынан асырып айтар сөз жоқ. Еліміздің бас басылымы, аға газет «Egemen Qazaqstan» – бұл ретте ел үнпарағы ғана емес, ұлт ұстыны, ұрпақ бағдары, ұлағат мінбері де дер едік. Газеттің бетінде жарық көрген әрбір мақала – өткен күндердің өшпес куәгерлеріндей қазақ жүріп өткен күрделі жолды, бір ғасырлық тарлан тарихты бедерлеп болашаққа бағыт көрсетіп тұр!
Руханият • 01 Ақпан, 2021
Әлі тәуелсіздік алмай тұрғанда шыққан «Егеменді Қазақстанның» 20 мыңыншы нөмірін қолға алдық. Назарымыз бірден үлкен жазумен жазылған газет атауының төбесіндегі «Азаттық. Теңдік. Туыстық!» деген ұранға түсті. Ал осы ұран азаттық аңсаған елдің асқақ үні емей немене?!
Оқиға • 01 Ақпан, 2021
«Газеттің өзі – бір күндік, сөзі – мың күндік...» (Қойын дәптердегі жазбалар)
Бүгін «Егеменнің» 30 000-шы нөмірі оқырманмен дидарласып отыр. Жүз жылдық шежіреге айналған қазақ баспасөзінің қасиетті қара шаңырағы ғасырлық ғиззат ғұмырында талай жауапты кезеңдерді, ғажайып тарихи оқиғаларды, сондай-ақ небір қиын-қыстау сын сәттерін бастан кешіргені мәлім. Әрине, газет жасау, газет шығару оңай емес. Қызығы мен шыжығы қат-қабат жүретін аса зор шаруа. Газет тізгінін ұстаған басшыдан бастап, тынымсыз қалам тербеген қосшыға дейін маңызды да, ортақ іске тек құлшына-ынтыға жұмылғанда ғана діттеген міндеттен табылса керек. Сондықтан болар журналист ағайын аузынан «Газеттің өзі – бір күндік, ал сөзі – мың күндік» деген тамаша тәмсілді жиі естиміз. Шындығында солай. Оған айқын айғақ ретінде қойын дәптерімізге әр жылдары, әрқилы жағдаятта таңбаланған төмендегі алақандай әңгімелер шоғырын ұсынғанды жөн көрдім. Редакция өмірінен, оның ішкі «кухнясынан» бейхабар оқырмандар үшін бұл мөлтек туындылардың өзегіндегі ой ұшқындары біраз жайды аңғартары сөзсіз. Қаламгерлердің табанда суырып айтқан ұшқыр жебе-пікірлері, астарлы әзілдері мен қағытпа қалжыңдары бір мезет еріксіз ойға шомдыратыны аян. Сонымен...
Таным • 01 Ақпан, 2021
1938 жыл. 24 желтоқсан. Осы күні газетіміздің бес мыңыншы саны жарық көрді. Ол кезде Sotsialistjk Qazaqьstan атауымен шығып тұрған газет толығымен латын қарпінде беттелетін. Бұрыштамасында «Қазақстанның коммунист (большевиктер) партиясының Орталық Комитетінің, Қазақ ССР ұлы Советінің жаңа ҚК(б)П Алма-ата облыстық комитетінің газеті» деп көрсетілген. Бұл тұста басылымның редакторы Сақтаған Бәйішев болатын.