Руханият • 02 Ақпан, 2021
Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының келер жылы аталып өтетін 150 жылдық мерейтойы қарсаңында атқарылатын ұлан-асыр іс-шаралардың алғашқы ақжолтай хабаршысындай болған бұл кездесудің тағылымы ерекше, әр қазаққа ой саларлық ғибраты өз алдына сүбелі екендігіне иландық.
Кино • 02 Ақпан, 2021
Көптен көзіміз шалмағаннан кейін болар, осы күні көгілдір экраннан балалар фильмін іздемейтін халге де келген екенбіз. Себебі «балалар фильмі» деген сөздің өзі ескірген кеңестік атау-терминдер қатарында зияннан басқа пайдасы жоқ сала секілді бізден әлдеқашан алыстап кетіпті. Қателеспесек, «қазір балалар фильмі жоқ, бар болған күннің өзінде олар оны көрмейді» деп даурығып, дабыл қағып келе жатқанымызға ширек ғасыр уақытқа таяды.
Білім • 02 Ақпан, 2021
2018 жылы Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебін тәмамдаған Түпқараған ауданы Таушық ауылының тумасы Асқарбай Қызылғұлов бүгінде Еуропаның үздік жоғары оқу орындарының бірі – Дебрецен университетінің Азаматтық авиация факультетінде білім алуда.
Білім • 02 Ақпан, 2021
Қандастар гранттан қағылып отыр
Шетелде тұратын қазақ жастары Қазақстанға келіп білім ала алмай, пұшайман болып жүр. Отаныма келіп оқысам деген жастардың алдынан түрлі кедергілер шығады. Бұл кедергіні жасап жүрген өзіміздің беделді жоғары оқу орындары. Осылай деп шағымданған белсенділер Алматыда арнайы бас қосу өткізіп, ойларын ортаға салды.
Білім • 02 Ақпан, 2021
Бала шақтан болашақты барласақ
Ұрпағымен мыңжасайтынын ұғынған адамзат қай заманда да болашағы болатұғын балалардың қамын ойлап күн кешкен. Осы идеология әр мемлекеттің саясатында көрініс табады. Соның бір айғағы, қазірде дамыған елдер мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ерекше көңіл бөледі. Өйткені барлық білім беру жүйесінің іргетасы, бұлақтың бастауы – балабақшада.