Пікір • 02 Ақпан, 2021
Мемлекеттегі әлеуметтік-саяси үдерістердің қалыптасуында қоғамдық пікірдің алатын орны зор. Ол өз бойына дәстүрлер мен өмірлік тәжірибені сіңірген әлеуметтік құбылыстардың қатарына жататындықтан, қоғамдық санаға да ықпал ете алады. Бұл институттың саяси процестерді заңдастырудағы маңызы да үлкен.
Қоғам • 02 Ақпан, 2021
Таяуда облыс орталығының іргесіндегі Краснояр ауылының мектеп оқушысын қаңғыбас иттер талап тастаған. Статистикалық деректерге сүйенсек, өткен жылы облыста кәмелеттік жасқа толмаған балаларды ит қапқан 599 оқиға тіркеліпті.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2021
Солтүстіктегі дүнген ағайындар
2016 жылы қабылданған «Еңбек» бағдарламасының аясында Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданындағы Бостандық және Бике ауылдарына Жамбыл облысынан 27 дүнген отбасысы көшіп келген еді. Бағдарламаның мақсаты еңбек ресурстарын теңгерімді орналастыру болғандықтан, өз еркімен көшіп келушілердің көші-қон, тұрғынжайды жалдау және басқа шығындарын мемлекет көтерді.
Пікір • 02 Ақпан, 2021
Бірлік – тәуелсіздіктің берік қорғаны
Әлемнің саяси сипаты уақыт өткен сайын күрделеніп, бірде олай ұйтқып, бірде былай ұйтқып, аттың жалы, түйенің қомында ойнақтап тұрса да, Тәңірге тәубе, тәуелсіз еліміздің тұтастығы мен тыныштығы бұзылмай, көк байрағымыз биікте желбіреп тұр. Әдетте білімді, білікті басшы қай кезде де жедел шешім қабылдай біледі. Халық үніне құлақ асатын мемлекет құруды қолға алып, билік пен қоғам арасында тұрақты диалог қалыптастырған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен күндерге жіті үңіліп, жетістігіміз қайсы, кемшілігіміз неде – соның бәрін сараптап, ой елегінен және бір өткізіп, тәуелсіздіктің отыз жылын үш онжылдық белеске бөліп, оған жан-жақты тоқталып, жүйелі талдай келіп: «Оның әрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр» деп зор баға бере отырып, түбегейлі қорытынды жасаған.
Экономика • 02 Ақпан, 2021
Бағалы қағазын сәтті орналастырды
KEGOC компаниясы Қазақстан қор биржасына жалпы құны 8,6 млрд теңгені құрайтын 8,9 млн дана облигациясын сәтті орналастырды. Оның жылдық орташа кірістілігі – 11,6161 пайыз.