Ғылым • 29 Ақпан, 2024
«500 ғалым» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамасының барлық жеңімпазы онлайн форматта оқуға келісімшарт жасасты. Енді осы тағылымдама бойынша стипендиаттар мен олардың кепілгерлері Астанаға келуге мәжбүр болмайды.
Аймақтар • 29 Ақпан, 2024
Мәдениет үйі жиналыстың ғана орны емес
Киелі Түркістанның, облыстың мәдениет саласындағы брендін жан-жақты қалыптастыру қажет. Бишілер де, әншілер мен ансамбльдер де Түркістаннан екенін білдіріп тұратын сәнді киіммен өнер көрсетуге тиіс. Түркістан рухани астана болғандықтан, туристер мәдениетімізді, ежелгі дәстүрімізді көргісі келеді. Кітапханалар көптеп ашылып, оқу мәдениетін қалыптастыру керек. Ал Мәдениет үйлері тек жиналыс өткізетін орынға айналмауға тиіс.
Көрме • 29 Ақпан, 2024
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде талантты мүсінші Данияр Сарбасов ERKINDIK атты алғашқы жеке шығармашылық көрмесін көпшілік назарына ұсынды. Көрменің атауы суретші үшін шығармашылық еркіндіктің, ой еркіндігінің маңыздылығын көрсететін терең мазмұнға ие. Сондай-ақ көрме атауына негіз болған «Еркіндік» мүсінінде бір арнаға тоғысқан тұлпар мен бүркіттің біртұтас бейнесі еркін қалықтап, осы сезімді ұғынуға жетелейді.
Мәдениет • 29 Ақпан, 2024
Құрылғанына бірер айдың жүзі болған «Birlik» ансамблі бүгінгі Алғыс айту күніне орай Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында тұңғыш концертін беріп жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының жанынан құрылған ансамбльдің тұсаукесер концертінің бүгінге қойылуы да тегін емес. Кеше шығармашылық ұжымның дайындығынан білгеніміздей, ұйымдастырушылардың айтуынша, бұндай ансамбль біздің елде бұрын-соңды болмаған.
Спорт • 29 Ақпан, 2024
Тайпейде мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем біріншілігінің шымылдығы түрілді.