Қоғам • 01 Ақпан, 2022
Жолай дүкенге кірсем, «арзандаған түк те жоқ, керісінше қымбаттап барады» деген тұрғындардың наразылықтарын құлағым шалған. Ертесі «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі әрі облыстық мәслихаттың депутаты Маржан Бахытқызына хабарласып, бағаға бақылау жасалмай ма деп сұрағанбыз. Сөйтсек, олар Өскемен мен Семей қалаларындағы тұрақтандыру қоры өнімдерінің сапасын, бағасын үнемі қадағалап отырады екен. Бұл жолғы рейдке БАҚ өкілдерімен бірге шықты.
Қазақстан • 01 Ақпан, 2022
Субсидия ережелерінің жиі құбылуы отандық шаруалардың діңкесін құртып болды. Құжат жинаумен әлек болып, одан қалды күні-түні ғаламторға байланған фермерлер тиісті қаражатына уақтылы қол жеткізе алмай жүр. Жақында Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде бұл мәселеге ерекше тоқталып, демеуқаржының діттеген жерге жетуін назарда ұстауды тапсырған еді. Әйтпесе, еліміздің кейбір өңірінде әкімдік қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың құрығына ілігіп, мемлекет қаржысын талан-таражға түсіріп келгені әшкере болған-ды.
Медицина • 01 Ақпан, 2022
Жантақтың біз білмейтін жұмбағы көп
Адамзат баласы Альцгеймер, Паркинсон ауруларының емін іздеп келе жатқанына жүздеген жыл өтті. Дегенмен дерттің дамуын тежейтін препараттар жасалғанмен, одан құлантаза айығып кетудің жолы әлі табылмай тұр. Қазір де бірнеше елдің ғалымдары бірлесіп, аурудың алдын алатын дәрі жасауға кірісіп кетті. Олардың қатарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Нұрбол Аппазов та бар. Ғалым кәдімгі жантақтың осы дертті дендетпейтін қасиеті барын анықтаған.
Білім • 01 Ақпан, 2022
Университеттеріміздің әлемдегі орындары
Ақпарат пен технология үстемдік еткен қазіргі заманда алдыңғы орында ғылым тұратыны түсінікті жағдай. Демек ғылым мемлекетке өз пайдасын тигізу үшін бұл саламен жүйелі түрде айналысуы қажет. Ал осы мәселеде білім беру ошақтары, оның ішінде жоғары оқу орындары басты маңызға ие екені айдан анық. Бұл ретте білім беру жүйесіндегі стандарттардың және Қазақстан ЖОО-ларының әлемдік университеттермен салыстырғандағы деңгейі қандай деген сауал туады.
Аймақтар • 01 Ақпан, 2022
Жұмыссыздар да індетке жиі шалдығады
Қаңтардың соңғы күнінде Алматыда 1 556 адам індетке шалдыққан. Өкінішке қарай, індет жұқтырғандар арасында балалар көбейіп келеді. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова алдыңғы аптада 13 508 адам коронавирус жұқтырса, өткен аптада індет 14 213 алматылықтан анықталғанын айтты.