Қазақстан • 01 Ақпан, 2019
БҚМУ-да «Еуразиялық жол» атты халықаралық жиын өтті
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Еуразиялық жол» атты халықаралық жиын өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың заманауи еуразиялық идеясының 25 жылдығына арналған.
«ҚазТрансГаз» елдің қолын ұзартып отыр
Мемлекет басшысы ірі стратегиялық маңызы бар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральды газ құбыры жобасын іске асыруға пәрмен бергелі жел өтінде әбігерге түсіп отырған шалғайдағы жұрттың жағдайы оңала бастады. Ұзындығы 1475 шақырым болатын газ құбыры Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарынан өтетіндіктен мұндағы елдің алабөтен қуанышын көз алдыңызға елестете беріңіз. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба бойынша бүгінде облыс халқының 64 пайызы, Қызылорда қаласының 95 пайызының табиғи газға толығымен қолы жетті.
Қазақстан • 01 Ақпан, 2019
Алматы облысында асыл тұқымды мал басы көбейді
Алматы облысының Панфилов ауданында асыл тұқымды мал басы көбейіп келеді. Бүгінде өңірде асыл тұқымды мал өсірумен 17 шаруашылық айналысады.
Аймақтар • 01 Ақпан, 2019
БҚО-дағы су тасқынына дайындық барысы
Көктем жақындаған сайын, өзімен бірге көктем өзекті мәселелерін де ала келеді. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша көктемгі су тасқынын апатсыз өткізу мәселесі. Бүгінгі таңда Департамент қызметкерлері барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып су тасқынының алдын алудың кешенді іс-шараларын ұйымдастыруда.
Jemqorlyq – halyq senimine nuqsan keltiretin dert
Qoǵamdyq kóńil kúıdiń kóterińki bolýy el ekonomıkasynyń damýyna, halyqty áleýmettik turǵyda qoldaý baǵytyndaǵy tıimdi baǵdarlamalardyń qabyldanýyna, olardyń laıyqty júzege asyrylýyna, atqarýshy bıliktiń joǵary deńgeıli qyzmetine jáne basqa da ózekti máselelerge tikeleı baılanysty. Bul oraıda, ásirese memlekettik qyzmetshilerdiń, laýazymdy tulǵalardyń moınyndaǵy jaýapkershilik óte zor. О́ıtkeni memleket tarapynan halyq ıgiligi úshin júzege asyrylǵan árbir is atqarýshy bılik ókilderiniń qolynan ótedi. Al eger álgi ıgilikti sharalardy oryndaýshy tulǵalardyń jurtshylyq aldyndaǵy jaǵymdy beınesi qalyptaspasa, eldiń olarǵa degen seniminen kúdigi basym bolyp jatsa, álgilerdiń atqarǵan ónimdi, paıdaly jumystary qoǵamdyq kóńil-kúıge oń áserin tıgize almaıdy dep oılaımyz.