Медицина • 01 Ақпан, 2022
«Сақтандырылмағанға» қандай медициналық көмек көрсетіледі?
Әлеуметтік желіде медициналық көмек қажет болған кезде оны сақтандыру мәртебесінсіз алу мүмкін еместігі жиі айтылады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған пациенттердің қандай медициналық көмекке сенім арта алатынын және аталған қызметтің қалай көрсетілетінін тағы бір еске салды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмектің бірыңғай сатып алушысы және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде халыққа көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеуді жүргізеді. МӘМС тізбесіндегі қызметтер «Сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтарға ұсынылады. Ал сақтандырылмаған пациенттер қандай көмек күте алады? Оларға ТМККК-де көзделген медициналық көмектің түрлері ұсынылады.
Қоғам • 01 Ақпан, 2022
Қазақстан пәтерді жалға беру бағасының қымбаттауы жөнінен 107 елдің ішінде 82-орынға тұрақтаған. Еліміздегі аренда бағасы 303,85 долларды құрады. Бұл туралы energyprom хабарлайды.
Қазақстан • 01 Ақпан, 2022
– Қазіргі байлардың бұрынғы байлардан айырмашылығы неде?– Бұрынғы байлар рулы бір елді асырайтын, бағатын, жыртығы болса – жамайтын. Қазіргі байлар «өзім, өзім» деп тек өз басының байығанын ойлайды, басқаны сезінбейді.(Автобустағы екеудің әңгімесінен)
Қазақстан • 01 Ақпан, 2022
Ал оларды адастырғандар айылдарын жиды ма? Биылғы қаңтардағы қасіреттің зардаптары жұртқа мәлім болғанымен, оның түпкі себептері турасында қоғамда әрқилы пікір айтылып жатыр. Бұл жайлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде: «Өкінішке қарай, бүгінде халық арасында осы оқиғаға байланысты түрлі қарама-қайшы, шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттар тарап кеткенін көріп отырмыз. Мұның, әрине, бірнеше себептері бар: кейбір азаматтарымыз ахуалды егжей-тегжейлі білмей тұрып, қате пікірде болса, кейбірі әдейі ақпаратты бұрмалап, жағдайды одан бетер ушықтырады», деген болатын.
Экономика • 01 Ақпан, 2022
2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,1 трлн теңгені құрады. Оның 13 трлн 46,57 млрд теңгесі Ұлттық банкке сенімгерлік басқаруға берілген қаржы. Ал инвестициялық портфельді басқарушылардың үлесіндегі актив шамамен 7,5 млрд теңгеге жетті. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, 2021 жылы есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 1,4 трлн теңгені құрады.