Өнер • 01 Ақпан, 2022
Көкіректе арман көп, қайсыбірін айтып тауысасыз. Әуелден белгілі әке біткен перзентінен жақсылық күтіп, дүниеге сәби көзімен қарайтын әдеті. Бұл – шынында даналыққа бастайтын дәстүр. Мәселен, ұлы сақ патшайымының есімі қазақ үшін ерліктің һәм парасаттың аккумуляторы секілді. Ата-ананың жаны езілгенде содан қуат алады.
Әдебиет • 01 Ақпан, 2022
Ағылшын тіліне аударылған алғашқы қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовті Америкамен не байланыстырады? Әрине, жолсапар. Әуезов 1960 жылы Кеңес жазушыларының делегациясы құрамында Америка Құрама Штаттарына барады. Бұл сапарға жазушы Л.Леонов, О.Гончар, С.Щипачевтермен бірге аттанған. Жазушы мұхиттың арғы бетіндегі Вашингтонда, Нью-Йоркте, Калифорнияда, Лос-Анжелес пен сол штаттың Фресно графтығында, одан кейін Аризона штатының орталығы Феникс қаласында, қайтарда Бостон шаһарында бірнеше күн болған. Бір айлық сапардың нәтижесінде «Америка әсерлері» атты жолжазба естелігі жазылды. Әлқисса.
Әдебиет • 01 Ақпан, 2022
Өлең толқи ма, өзен толқи ма, белгісіз. Себебі өзен бойының шөбі өлең деп отыратын үлкендер. Қазақтың көнеден келе жатқан «шөп те өлең, шөңге де өлең» деген сөзін еске салады. Қыстыгүні өлең шөптің малға жұғымы болмаған соң қазақ жарата бермейді. Өлеңші сөзінің сыры осы жерден ашылады. Көңіл тербеп, жан тебіреніп, көкірекке содан біткен шер толқытып туған сөз өмірдің өзін басқа арнаға бұрып жіберуі мүмкін. Нағыз әдебиеттің сөзі де сол болмақшы.
Тарих • 01 Ақпан, 2022
«...Өзінен халық қамын бұрын жеді»
Бүгін мұсылман дінінің үлкен қайраткері, қасиетті Мекке, Мәдинаға үш рет қажылыққа барып, киелі орынға тәу ету барысында қазақ халқының ардақты ұлдары Құнанбай Өскенбайұлымен, қазақтан шыққан тұңғыш генерал Ғұбайдолла Жәңгірұлы Шыңғысханмен, тағы басқа ел азаматтарымен бірге сапарлас болған Досжан хазірет Қашақұлы туралы толығырақ әңгімелегенді жөн көріп отырмыз. Оның себебі де жоқ емес. Өйткені аталған дін қайраткерінің есімі баспасөзде арагідік айтылғанымен, оның қазақ даласына Ислам дінін таратудағы ағартушылық істерін жұртшылық көп біле бермейді.
Аймақтар • 01 Ақпан, 2022
Бұрын «Кадр бәрін шешеді» деуші еді. Білімді, білікті маманға зор жауапкершілік жүктелетін. Ал қазір ше? Әсіресе мемлекеттік қызметшілер арасында әлеуметтің түйткілді мәселелерін шешудің орнына кадрдың қадірін кетіріп, өзін – зор, өзгені қор санап жүргендер бар. Дәлел керек пе?