Медицина • 01 Ақпан, 2023
Биыл есімі көпшілікке танымал дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халық қаһарманы Мұхтар Әлиевтің туғанына 90 жыл толады. Ол талай ғалым-хирургке білікті ұстаз болып, елімізде хирургтер мектебінің негізін салды. Әлбетте, әркімнің пешенесіне түрлі жол жазылады... Қилы күрделі жағдайларға қарамай, академик Мұхтар Әлиевтің отандық медицинаға сіңірген еңбегі кәсіби мамандар арасында аңыз болып айтылады.
Технология • 01 Ақпан, 2023
Жасанды интеллект R&D-зертханасы
«Тұран» университетінде академик Ө.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының бірлесуімен «Жасанды интеллект және робототехника r&d-зертханасы» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.
Өнер • 01 Ақпан, 2023
«Хат жазып тұр» әншіге қалай бұйырды?
Бүгінде ретро әнге айнала бастаған «Хат жазып тұр» әні таластық ақын Нарша Қашағанұлы мен композитор Әуезхан Салабековтің шығармашылық тандемінен туғанын көпшілік біле бермеуі мүмкін. Жүректің қылын шертетін тамаша туынды белгілі әнші Асқар Жүнісбековтің жұлдызын жарқыратқаны да мәлім.
Өнер • 01 Ақпан, 2023
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз туралы белгілі суретші, публицист Жеңіс Кәкенұлы: «Меніңше, асыл ағаның шығармашылығының асқар биігі – «М.Фрунзенің Самарқан халық еріктілері алдында сөз сөйлеуі» атты картинасы. Уақыттың сол кездегі суретшіге қойған шартында шаруам жоқ. Мені тамсантып отырғаны бұл картинада бәрі бар.
Спорт • 01 Ақпан, 2023
Cәтсіздіктен де сабақ алған жөн – Арман Әшімов
Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Бесағаш елді мекенінің тұрғыны Арман Әшімовтің есімі жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол ауылды жерде жаттығып-ақ, кикбокстан әлем кубогінің иегері және Еуропа чемпионы атанды. Жекпе-жек, ММА және джиу-джитсудан ел біріншілігінде топ жарып, спорт шебері нормативін орындады. Бокстан спорт шеберлігіне үміткер. Кейінгі 10 жылда аралас жекпе-жекпен шұғылданып, көптеген дүбірлі додада дараланып жүр. Арман өмірде өте позитивті. Айқас алаңында да дәл солай. Жеңсе де, жеңілсе де көңілді жүреді. Күні кеше ғана сол спортшымен сұхбаттасудың сәті түсті.