Еңбек • 01 Ақпан, 2023
Өндірістік жарақат азаймай тұр
Өндіріс орындарында қауіпсіздікті сақтау қанша жерден барынша қадағаланғанымен, мұны құнттамай, опық жеп қалатын оқыс оқиғалардың саны азаяр емес. Өткен жылы өндірістегі жазатайым жағдайлардан 1 465 жұмыскер зардап шекті, оның 203-і қаза тапты. Бұл сорақы көрсеткіш алдыңғы жылға қарағанда жақсарған жоқ, яғни өндірістік жарақат саны 2021 жылдың деңгейінде сақталды.
Мектеп • 01 Ақпан, 2023
56 мектеп лицензиясыз жұмыс істеген
Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және оның аумақтық департаменттері білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізу барысында бірқатар құқық бұзушылық анықтады. Тексеріс нәтижесінде 2022 жылдың соңында 56 мектеп лицензиясыз жұмыс істегені белгілі болды. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Білім • 01 Ақпан, 2023
Директорларды ротациялау: Артықшылығы мен кемшілігі
Елімізде қай саланың да дамуына кедергісін келтіріп келе жатқан ең үлкен мәселе сыбайлас жемқорлық екені анық. Бұл «кесел» білім беру саласын да біраз былыққа батырғаны жасырын емес. Осы тұрғыдан келгенде мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың тамырын қиятын түрлі тетіктер қолға алынып жатыр. Мәселен, білім саласында мектеп директорларын басқа білім ұясына басшылыққа ауыстыру тәжірибесі елімізде кейінгі бір-екі жылдың бедерінде қарқынды жүзеге асып келеді.
Қоғам • 01 Ақпан, 2023
Үнді марихуанасы туралы естідіңіз бе? Еліміздің оңтүстік өңірлерінде сабағы төрт метрге дейін жететін үнді марихуанасының бүкіл түрлері өсірілетін көрінеді.
Қылмыс • 01 Ақпан, 2023
Қылмыс әлемі күн санап түрленіп келеді. Әсіресе кейінгі кезде интернет пен телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың көбейгені байқалады. Мұны құзырлы органдар да растап отыр. Өкініштісі, қылмыстың бұл түрі ел шеңберінен шығып, халықаралық деңгейге дейін «көтеріліп кетті».