Халық • 01 Ақпан, 2023
Ұлыларды ұлықтау – ұрпаққа аманат
Елордада «Amanat» партиясы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Ұрпаққа аманат» қоғамдық дәрісін өткізді. Ұлтымыздың көрнекті тұлғаларын ұлықтауға арналған іс-шара Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназияда бастау алды.
Пікір • 01 Ақпан, 2023
Елорда көшелерін жаяу араласаңыз, биік-биік ғимараттан көз сүрінеді. Бұл аз дегендей, салтанатты шаһардың әр тұсынан түрлі пішіндегі нысандар аспанмен таласып, күн санап бой көтеріп келеді. Осыларға қарап отырып, құрылысы осыншалықты қарқынды дамыған, бірақ халқының саны миллионнан енді ғана асқан қалада пәтер тапшылығы болмау керек деген ой түйесіз. Дегенмен баспанасы жоқ адамдар саны көбеймесе, азаяр емес.
Халық • 01 Ақпан, 2023
Қарттар үйі: алуан түрлі тағдырлар
Рудныйдың шетінде, тасалау жерде тұрған көпқабатты ғимаратты жергілікті жұрт қарттар үйі деп атайды. Ресми түрде «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» деп аталатын бұл мекемеде асыраушысыз қалған 274 қария, әртүрлі жастағы 141 зағип тұрады. Бірін-бірі алданыш тұтқан 415 адамның ауыр тағдыры мен бұйығы тіршілігі сырт көзге жұмбақ. Алайда мұндағы оқшау өмірде сартап сағыныш, өкініш-күйікпен қатар, қуаныш-күлкіге, арман-үміт пен сүйіспеншілікке де орын бар.
Аймақтар • 01 Ақпан, 2023
Мұқым қазақ үшін қасиетті Қарқаралыда денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, бірнеше көлік кілті тапсырылды. Атап айтқанда, Қарқаралы ауданының медицина қызметкерлеріне екі жаңа жедел жәрдем көлігі сыйға тартылды, сондай-ақ мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөліміне екі шағын автобус сатып алынды.
Қоғам • 01 Ақпан, 2023
Қазақтың ежелден келе жатқан қасиетті музыкалық аспабының бірі – қобыз. Ғасырлармен үндескен қобыз аспабы халқымыздың рухани азығы болып, анадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып біздің заманымызға жетті. Бүгінгі таңда қобыздын екі түрі кең қолданыста. Біреуі – дәстүрлі қобыз болса, екіншісі – прима қобыз. Бұл – К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектебі оқушыларының да сүйікті аспабы.