Кәсіпкер • 02 Ақпан, 2023
«Басты міндет – іскер азаматтарымыздың кәсіпкерлік рухына зиянын тигізетін жасанды кедергілер мен шектеулердің бәрін жою. Кәсіпкерлер бизнеске жүргізілетін себепсіз тексерулерді біржолата ұмытуы қажет. Олар тек салық органдарының алдында ғана есеп береді». Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі. Алайда Өскеменде жеке кәсіпкер Ренат Жубаков кедергілер кесірінен кәсібін дөңгелете алмай отыр.
Музей • 02 Ақпан, 2023
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі «Сыр бойындағы діни ағартушылар мұрасын кешенді зерттеу» жобасын қолға алды. Ағартушылық бағыт ұстанған қайраткерлердің елді білімге баулып, ағайын татулығын, ұлттық салт-дәстүрді сақтаудағы еңбегін танытып, мұрасын қастерлеуге арналған жоба заманында аса білімдар тұлға ретінде танылған Тапал ахун (Нұрмұхаммед) Қадірұлынан қалған жәдігерді зерттеуден басталды.
Футбол • 02 Ақпан, 2023
Вильнюстің «Жальгирис» клубын жаттықтыратын Қазақстан маманы Владимир Чебурин төртінші мәрте Литваның ең үздік бапкері деп танылды.
Қоғам • 01 Ақпан, 2023
«Ақ жол» үміткерлерін анықтады
Кеше елордада «Ақ жол» демократиялық партиясының XXI құрылтайы өтті. Құрылтай барысында Мәжіліс сайлауына партиялық тізім арқылы – 54, ал мажоритарлық жүйе арқылы 24 адам кандидат ретінде бекітілді.
Пікір • 01 Ақпан, 2023
Ақпанның 2-сі – отандық кәсіби баспасөздің ізашар мінбері «Қазақ» газетінің туған күні. Алаш зиялылары Орынбордан Петерборға дейін патшалық жүйенің табалдырығын тоздыра жүріп рұқсат алған газеттің шығуы осы күнге сәйкес келіпті. Халқымыз Жаратқаннан «Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке!» деп сұраса, ақпанның жұлдызы айқын түніндегі ұлт ақпаратының бастауы – сын-қатерге төтеп берудің бағдары болса керек.