Айбын • 29 Ақпан, 2024
Балдырғандар – «Жас бүркіт» клубының мүшесі
Сарбаздардай сап түзеп, әскери әдістерге машықтанған балдырғандар әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды. Көптің қызығушылығын тудырған айрықша бөбекжай Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылындағы «Өркениет» балабақшасының тәрбиеленушілері болатын.
Қоғам • 29 Ақпан, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлына арналған ғылыми еңбектердің таныстырылымы өтті. Бірегей жаңа зерттеулер ЕҰУ жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтында 9 серия бойынша жарық көрді. Ғалымдар ойшылдың «Толық адам» тұжырымдамасына да терең зерттеулер жүргізді.
Руханият • 29 Ақпан, 2024
Қазақтың көркемсөз өнерінде өшпестей із қалдырып, әдебиеттің барлық жанрында бірегей шығармалар жазған Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек Ері Әбіш Кекілбаев мұрасының бір саласы – оның поэзиялық шығармалары. Әдебиетке қадамын өлеңмен бастап, 1962 жылы «Алтын шуақ» атты жыр жинағын шығарған қаламгер алдымен ақын ретінде танылып, оқырманның көңілінен шықты. Сыншылар мен ғалымдар жоғары бағасын берді. Кейін прозаға бет бұрып, көптеген әңгіме-повесть, «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» секілді тамаша романдарды дүниеге әкелді. Публицистикалық, танымдық-зерттеу еңбектерін жазды. Аударма саласына да елеулі үлес қосып, көптеген әлемдік классиктерді қазақ тілінде сөйлетті. Тәуелсіздік кезеңінің айтулы шығармасы «Абылай хан» тарихи-драмалық дастанын жазды.
Тұлға • 29 Ақпан, 2024
Шәкен Айманов және ұлттық кино
Шәкен Аймановтың соңғы фильмі – «Атаманның ақырының» экранға шыққанына жарты ғасырдан астам уақыт өтіп барады. Одан бері қаншама ұрпақ ауысты, қоғам, онымен бірге адам, өнер, бәрі-бәрі өзгерді. Бірақ дүние қанша өзгеріп, қалай дөңгеленсе де, ұлттық, халықтық өнердің төлқұжаты іспетті кез келген уақыттың тезіне шыдайтын, мәңгілік өлмейтін туындылар болады. Қазақ киносының классигі, актер, кинорежиссер Шәкен Аймановтың фильмдері ұлттың жүрегіндегі алау секілді.
Әдебиет • 29 Ақпан, 2024
«Еркін бейбіт ауылым-ай,Жас өрім талдай сәулім-ай.Қырдың ерке сұлуыСағындым сені, бауырым-ай», дейді Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта» әнінде. Иә, қателескен жоқсыз, сәулем емес, сәулім болса керек. Бұл не сөз деп таңырқайтын шығарсыз, бірақ анығы – осы. Сәулім. Жалғыз-ақ ауыз сөз әннің бүкіл реңін ашқаны өз алдына, қазақтың тілдік қолданысында ертеден бар екеніне көз жеткізген соң барып айтып отырмыз.